0 дауыс
461 көрілді
4 балалы анамын Жәрдемақы 9450 тг аламын. 2018 жылдың қаңтарынан қандай өзгерістер бар. Жолдасым және өзім жұмыс істейміз. 11622 тг асса бір адамға шаққандағы шығын жәрдемақы тоқтатылады деген рас па. "Өрлеу" бағдарламасын онша түсіне алмадым.

1 жауап

0 дауыс

Мемлекет басшысының қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру тапсырмасы аясында, 2016 жылдан бастап Балқаш қаласында әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға бағытталған "Өрлеу" пилоттық жобасы жүзеге асырылады.

«Өрлеу» жобасы– отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Жоба жұмысқа тұруға, мамандыққа оқуға, қайта даярлауға, сонымен қатар жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтік жұмыс орындарына ықпал етеді.еуан б

«Өрлеу» жобасына қатысуғаШАК тағайындауға өтініш білдірген және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының міндеттемелерін орындауға келісімін берген, айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын (2016ж. I тоқсанына-11467 теңге) отбасылардың (адамдардың) құқығы бар.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартыалты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (2016ж.I тоқсанына-11467 теңге) арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Шартты ақшалай көмек көрсетілуге қажетті құжаттар тізілімі:

1)жеке басын куәландыратын құжат;

2)отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3)отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

4)тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5)жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.

ШАК тағайындау туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға өзі келген кезде беріледі.

...