1. Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
2. Ес — адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
- әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
- әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
- олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы
3. Ұйқы–адам менжануарлардың міндеттіфизиологиялық жағдайы. Бұл кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды жәнеорганизмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Оның қалыпты (физиология) ұйқы және терең ұйқы түрлері болады. Сөздің қысқаша түсінігі — іс-әрекетке араласпай, түн мезгілінде жатып, дем алудың табиғи тәсілі. «Пырылдап жұрт ұйқыда, мал күйісте, өтпейді жүргінші де қара жолдан» (Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин Таңд. шығ.).
4. Сөз(орыс.слово,ағылш.word) –затпен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады.[1]Сөзді құраушы бірлік –дыбыс, алмағына– Сөздің ішкі мәні, мазмұны.Дыбыстық құрылымсөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады.Сөз–тілдік категория, ұғым –логикалық категория. Ұғымсөзарқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді.Одағай,шылаусөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:
Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады.
Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;
Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;
Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.
5. Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
https://kk.wikipedia.org/