0 дауыс
4.8k көрілді
Ұлттық код дегеніміз не? Ұлтшылдық дегеніміз не?

Ұлттық код дегеніміз не? Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары бағаланатын қасиеттері, солардың сығымдалып тұжырымдалған формуласы қазақтың ұлттық болмысының сырын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес.
Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді. Өйткені, бағзы заманда әділеттілік, адалдық, шыншылдық және ахлақ (мораль) дәулет атаулыдан әлдеқайда артығырақ бағаланатын. Бірақ заман ауысты, бір кездері құбылмалы саясат билеген уақыт ыңғайынан туындаған кемшіліктер кейіннен үлкен дертке айналды. Бұрындары «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» делінетін, барша игіліктен арды, ұятты, ахлақты жоғары қоятын қазақтың өмір сүру ережесі қатты өзгеріске ұшырады. Тиісінше ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр. Салдары – бүгінгі қоғамның барлық саласын жайлаған сыбайластық пен сыбайлас жемқорлық, көпке түсініктірек тілмен айтқанда – коррупция. Тілге тиек етіп отырған бағдарламалық мақала осы құбылыспен күресуге шақырады, адамгершілік ұстынымызды нығайтуға мегзейді.
Тәуелсіз даму жолына түскен шақта «жаһандану үдерісі келе жатыр, одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз» деген пікір естілген. Жаһандану дегеніміз тұрмысқа, ел басқару жүйесіне, шаруашылық, кәсіпорын, білім беру мен тәрбиелеу орындары біткеннің бәріне батыстың жаңа технологиясын ұсынған бұқаралық мәдениетінің жан-жақты шабуылы нәтижесінде пайда болатын заманауи жаңа түр болып шықты. Жаһандану үдерісі біздің тарапымыздан ешқандай тосқауыл көрген жоқ. Ешқандай кедергі кездеспегендіктен де жастар санасын тез жаулады. Тіпті, ұлттық құндылықтарға көзқарастың өзі өзгеріске ұшырай бастады. Ал бұл мәдени кодымыздан айырылудың алды еді.
Рухани кодымыздың басты тіні, ұлттың күллі қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып табылатыны құпия емес. Міне, сол қасиетті ана тіліміздің қуаты бүгінде әлі де алаңдатады. Турасын айтқанда, мемлекеттік мәртебесіне қарамастан, қазақ тілінің қолданыс аясын тиісті дәрежеде кеңейте алмау, оны өзге тілдермен қойыртпақтап, бұзу, дұрыс сөйлемеу, тіпті мүлдем ұмыту өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың жүйесін сақтай алмауға әкеліп соғатыны анық. Елбасының мақаласында соның алдын алу әрекетіне көшу (қолданыстағы реформаланған кирилді латын графикасына ауыстыру) мәселесі қарастырылады. Біз бұл жөнінде басқа да ұлт мүддесіне жани аши қарайтын азаматтар қатарында әрәдік пікір білдіріп жүргендіктен, алфавитті, лажы болса, латын әріптерін қазақыландыру мақсатымен реформаламай, мүмкіндігінше Байтұрсынов тәсілімен өзгеріссіз таңбалау жағындамыз. Тек, екпін қойып айтарымыз – латынға көшу сәтті болу үшін, сөзбұйдаға салмай, мемлекеттік тілді өз мәртебесі деңгейіне көтеру, яғни қоғамдық-саяси функциясын күрт арттырып, қолданыс аясын мейлінше кеңейту қажеттігін еске салумен шектелеміз.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақтардың "Ұлттық коды" оның ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері болу керек. Сонда біз еш ұлттың алдында ұялмайтын мықты, арлы ұлт боламыз.
Ұлттық код деп отырғанымыз қазақтардың жүзге бөлініп, бір рудан қыз алыспай қанын таза сақтап отыруы жатады ма екен?
...