Бүл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады. Да (де, та, те) бірде жалғаулык, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты сөзге қосымша мән үстеп қана тұрса, онда ол — демеулік те, ыңғайластық мәнді сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол -жалғаулық. Демеулік мәнінде бүл шылау қайталанбай, бір ғана сөздің жетегінде түрады да, жалғаулық мәнінде ол көбіне қайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да, екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулықпен ауыстыруға болады, Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан. (А.) Сөйлемдегі де -демеулік, сен деген сөзге ғана қатысты болып, оған күшейткіш мағына үстеп түр, ал та -жалғаулық, ол тап, бар және цалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластыра (бірінен кейін бірі болған қимыл) байланыстырып түр. Бүны қайталап та (тап та, бар да цалан түрінде) қолдануға болады.
Да (де, та, те)жалғаулығы да, демеулік де сырт түлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы (-да, -де, -та, -те) сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал да (де, та, те) шылауы бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап, бар (және) цалан деп айтуға болса, Жасымда гылым бар деп ескермедім — жасымда сөзіндегі -да жатыс септікті түсіріп айтуға болмайды.
https://www.tarbie.kz/