Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.
Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималайтауындағы Джомолунгмашыңы, оның биіктігі 8848 м;
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;
Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы 3млн км² артық;
Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тікелген Оймяконелді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;
Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;
Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;
Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;
Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;
Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;
Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;
Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.
Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі – Еуропамен Азияарасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қаратеңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.
Шеткі нүктелері:
- Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с.е. 104°18‘ш.б.)
- Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)
- Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)
- Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)
/Оқушыларға видео көрсетіліп , тыңдалды./
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы өзендерінің бастауын тапты.1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.
Шоқан білімі шеті жоқ теңіз суы сияқты “Шығыстың аққан жұлдызы” атанған ғалым.
http://u-s.kz