0 дауыс
3.1k көрілді
Еуразияның физикалық және географиялық орны мен зреттелу тарихы?

2 жауап

0 дауыс
Сұрақ жауап сайтынан гөрі Материктер мен мұхиттар географиясын оқығаныңыз дұрыс.
0 дауыс
Ұлы географиялық ашулардың тұтас бір кезеңін дүние жүзін айналу саяхаттары құрайды. Мұндай саяхаттардың ұйымдастырылуы ежелгі грек ғалымдарының «Жер – шар тәріздес» деген ұмытылған пікірінің қайта жаңғырып, таралуымен байланысты болды.

1519–1522 ж. Испаниядан шыққан Фернан Магелланның экспедициясы тұңғыш рет дүние жүзін айнала жүзді .Экспедиция 5 кеме, 265 адамнан тұрды. Оңтүстік Америкаға дейін Атлант мұхитын басып өтетін жол бұрыннан белгілі еді. Саяхатшылар материктің оңтүстік шетіндегі кейіннен Магелланның атымен аталған бұғазды тауып, Тынық мұхитқа шықты. Жер шарындағы ең үлкен мұхит арқылы жүзу өте ауыр жағдайда өтті. Теңізшілер 3,5 ай бойы ешқандай да құрлық жерді кездестірместен жүзе берді. Ауыз су, азық-түлік таусылды. Әбден арып-ашқан саяхатшылар ақыры Оңтүстік-Шығыс Азияға таяу жатқан аралдар тобынан барып шықты. Осы аралдардың біреуінде жергілікті халықпен болған қақтығыста Магеллан қаза тапты. Экспедицияның бүкіл құрамынан 18 адамымен 1 кеме ғана еліне қайтып оралды.
...