Өмірдің мәні қандай қиындық болса да сағың сынбай жеңе білу,ол үшін мақсатыңа күн сайын ақырындап жылжи беру.Үнемі көңіліңде болған арман ғана іске асады,көңілден кетсе,ол іске аспайды.Мәселен біреуге ғашық болсаң да,көңіліңде жүрсе ғана махаббат сөнбейді,ал көңілден кете бастаса өше бастайды.Сол сияқты спортшы болам деген адам да күн сайын ,тек сол спортқа ғана үнемі көңіл бөліп,аздап болса да алға жылжи берсе ,орындалады.Қиындықтарға төзімді болып,күдер үзбей,Аллаға құлшылықты ұмытпаса,тәрбиелі ұрпақ қалдырсаң,туыстарыңа,маңайыңа қамқор болсаң,оларға керек болсаң өмірдің мәні сол.Өмірдің мәні-өзіңнің елге керек екенің.