0 дауыс
1.1k көрілді
Егер заңды некеде болмаған жағдайда алимент қала өндіріп аламын?

1 жауап

+1 дауыс

Неке және отбасы турылы кодексіне сәйкес 157-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау

      Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.

158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны

      Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс.

      Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.

162-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі

      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі осы келісімде айқындалады.

      2. Алимент оны төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлеспен кезең-кезеңмен төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; біржолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткізілген өзге де тәсілдермен төленуі мүмкін.

      Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру көзделуі мүмкін.

23-тарау. АЛИМЕНТТІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ТӨЛЕТТІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІП АЛУ ТӘРТІБІ

163-бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу

      Осы Кодекстің 143-155-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері

      1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.

      2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.

      Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

166-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу

      Нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу, егер осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұстап қалудың жалпы сомасы алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу пайызынан аспайтын болса, жүргізіледі.

Жалпы алимент өндіріп алу үшін заңды некеде болу мінддетті емес. Әкелік құқығы анықталса заңды некесіз ақ алимент ала аласыз. Бір балаға 25 пайыз, 2 балаға 33 пайыз, 3 немесе одан көп болса 50 пайыз төленеді.

Ұқсас сұрақтар

...