0 дауыс
10.7k көрілді
Шиеленісуі деген не?

2 жауап

0 дауыс

Шиеленіс-сюжеттегі тартыстың кезеңі,оқиғаның алғаш шиеленісе бастаған кезеңі. Шығармада қандай да біроқиға баяндала бастағанда алғашқыэпизод-суреттемеде-ақ тартыстың неден басталатындығы анықталады. Кейіпкерлердің іс-әрекетінен олардың өзара қарым-қатынасы айқын сезіліп қалады. Оқиғаның өрістеуіне негіз болатын осы кезеңнің өзіндік өзгешілігі болады. Оқиғаның барысындағы негізгі түйіндер түйіліп, кейіпкердің ара қатынасындағы қайшылықтар негізгі желі болып келетін тартыстың басталуы - бұл сюжеттің дамуындағы аса бір маңызды кезең. Өйткені шығармада суреттелетін күрес-тартыстың әрі қарай қалай өрістейтіні, адамдардың арасындағы қарым-қайшылықтардың қандайлық шытырман-шайқастарға апаратын жолдары, негізінен, алғанда осы тұстағы жайағдайлардан, кейіпкерлердің бастапқы іс-әрекетінен басталады. Алайда, шиеленіс тартысқақтығыстың басталуы ғана, мұндаоқиғаның жалпы бағыты, оған қатысушылар айқын көрініп, елес бергенімен, әлі алда талас-тартыс қалай шиырлап, кейіпкер не күйге түсетіні, неше бұралаңнан өтетіні әзір толық мәлім емес. Мұның бәрі оқиғаның әрі қарай қалай дамып, өзгеріп, шарықтап өрістеуіне байланысты.

0 дауыс
Шиеленістің құрылымдық компоненті:
Шиеленіс объектісі
— әлеуметтік көрініс( даулы сұрақтар,мәселе ), шиеленісті туғызған мәселелер

Шиеленіске қатысушылар
– болып тікелей таласқа түсетін (топ, адам, ұжым, ұйым, мемлекет) субъктілер жатады. Шиеленіс объектісі мен шиеленіске қатысушылар болса Шиеленістік жағдай пайда болады.
...