0 дауыс
3.4k көрілді
2айдан асты кіндігім маза бермейди.Ішім туйреп ауырып,кіндігім жаны ісінді.Содан дəрігергер бардым.Омфалит диогноз койды.іскен жерді кесіп ірің алды.Сосын кунділікті перекиспен тазалап журдім.

1 жауап

0 дауыс

Омфалит-(гр.сөзінен ауд.кіндік)-кіндік жарасының бактериальды қабынуы,кіндік сақинасы және оның қан тамырларының қабынуы.Қоздырғышы алтынды стафилокок.Оның қарапайым, флегмонозды, некротикалық түрін ажыратамыз. Қарапайым түрі - кіндік жарасы жазылуы серозды немесе серозды - іріңді бөлінділердің әсерінен ұзаққа созылады. Бөлінді кіндік жарасының эпителизациясына әсер етеді.

Кіндік фунгусы-(fungus лат.саңырауқұлақ)кіндік жарасында грануляциялық тінде саңырауқұлақтардың пайда болып өсуі.

Шырышты-эпидермистің аздаған дефектісінен серозды экссудаттың бөлінуі,теріде қабыну үрдісі болады.

Флегмонозды түрі-қабыну үрдісінің кіндік жарасының айналасындағы тінде болуы.Кіндік айналасындағы тінде қызудың жоғары болуы,инфильтрацияның болуы.Кіндік жарасында флегмонозды жабындымен жара пайда болады.Кіндікті немесе кіндік айналасынан басқанда кіндік жарасынан ірің бөлінеді.Жалпы жағдайы нашарлайды,интоксикация мен дене қызуының көтерілуі.

Некротикалық түрі-бұл әлсіз балаларда анаэробты инфекцияның қосарлануымен жүреді.Тері,теріастылық клетчатка некроздалады.Некротикалық үрдіс ішперденің барлық қабаттарына жайылады және перитонит шақырады.

Асқынуы-бауырдың сепсисі мен абсцесі.

Диагноз-омфалитті анықтауда қиындық соқпайды,ішперденің рентгенограммасы кіндік айналасындағы кальцификаттарды анықтайды.

Емі-түріне байланысты қарапайым түрінде сутегінің асқын тотығы,5% кальций перманганатының ерітіндісімен 1-2% бриллиант көгімен емдейміз.

Фунгусты-ляписпен күйдіреміз,калий перманганатымен ванна тағайындалады.

Флегмонозды түрі-ол хирургтің қатысуымен жүргізіледі, антибиотиктер,спецификалық гипериммунды плазма құю,гамма-глобулин енгізу, десенсибилиздеуші заттармен витаминдерді тағайындау. Іріңді бөлінділер болса, гипертоникалық ерітіндімен,хлорофолипті ерітіндісімен немесе диоксидинмен таңу салу.Іріңді бөлінділер жойылса мазьды таңулар салу,физиотерапия курсын тағайындау.Кальцинозды бөлінділер болса антибиотиктермен шаю.


http://mylektsii.ru/

Ұқсас сұрақтар

...