Аспай піскен, Қайнамай түскен.
Жеміс
Жемістер мен көкөністер туралы жұмбақ шешу
Сырты қызыл,
Өзі тәтті
Ол не?
Жауабы: алма
2. Шекер ме екен, бал ма екен,
Салбыраған, тал да екен
Атын тауып, дәл айтатын
Бала, сірә бар ма екен?
Жауабы: жүзім
3. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Жауабы: қарбыз
4. Көктемде тонатқа себеміз,
Өнімін зауыттарға береміз.
Домалақ дақылдың ағарып,
Қант болып шыққанын көреміз.
Ол не?
Жауабы: қызылша
5. Жап - жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,
Дер кезінде жинамасаң, сарғайып кетер батыр.
Жауабы: қияр
6. Аспай піскен,
Қайнамай түскен
Жауабы: жеміс
7. Іші тәтті
Қызарды күз жеткенде
Жауабы: алма
8. Көкпеңбек еді көктемде,
Ортасы сүйек
Жауабы: өрік
9. Түбі толған құмалақ.
Жауабы: картоп
10. Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық
Жауабы: сәбіз
11. Доп жатыр жемісі бар,
Қабат - қабат терісі бар.
Жауабы: орамжапырақ
12. Тігіп алып көк шалбар,
Қызылкүрең доп жатыр
Жауабы: қызылша
13. Көк ала костюм киеді,
Күн көзін сүйеді.
Жауабы: қарбыз