0 дауыс
1.0k көрілді
Сәлеметсіз бе? Жер беріліп жатса, мен басқа облыстан жер ала аламын ба?  Алуға болатын болса қайда қалай өтініш жазуға болады, қандай құжаттар керек? Атыңда үй болған жағдайда жер беріле ме?

1 жауап

0 дауыс

Егер сіз Қазақстан Республикасы азаматы болып, жер учаскесін алғыңыз келсе, онда сіз жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушыорганға өтініш беруіңіз керек.

Өтініште:

  • жер учаскесінің пайдалану мақсаты (ол жер учаскесі не үшін қажет екендігі тұрғын үй құрылысы үшін, саяжай немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін);
  • оның болжалды мөлшері (пайдалану мақсатына байланысты берілетін жер учаскесінің мөлшері ҚР Жер кодексімен белгіленген);
  • орналасқан жері (сіз сұрап отырған жер учаскесінің мөлшерлі орналасқан жері);
  • пайдаланудың сұралатын құқығы (жер учаскесіне жеке меншік құқығы, тұрақты жер пайдалану құқығы, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы;
  • Жер учаскесінің бар немесе жоқ болуын көрсету қажет.

Өтінішке жер учаскесін пайдалану мақсатына байланысты келесі құжаттар қоса беріледі:

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен «жеке тұрғын үй құрылысының жер учаскелеріне құқық беру ережесі»бекітілді. Аталған құжатта ҚР азамататрына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру нормалары мен тәртіптері белгіленген. Азамататрға жеке меншікке 0,10 га тегін беріледі. Аталған мақсат үшін жер учаскелерін қайта тегін алуға жол берілмейді.

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе төл құжат;
  • жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің куәлігі (СТН);
  • азаматта жер учаскесінің, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген құқықтардың, жер учаскесінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама) жер қатынастары жөніндегі өкілетті органдармен жеті күн ішінде беріледі)
  • азаматта жеке үй құрылысының болуы және жоқ болуы туралы анықтама (жылжымайтын мүлікті тіркейтін орган жеті күн ішінде береді)

Егер сіз шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсаңыз, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі заңмен көзделген шектеулерді ескере отырып, өтеулі негізде жеке меншікке берілуі мүмкін.

Сіз сұрап отырған учаскеде жер учаске болмаған жағдайда, комиссия жалпы тізімдегі нөмірді көрсете отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті арнайы есепке қою туралы қорытынды береді. Сіз бұл хабарламаны комиссия қорытынды берген күннен бастап жеті күн ішінде алуыңыз керек.

жер учаскесіне құқық беруден бас тарту негізделген болуы тиіс, ал көшірме шешім қабылданған соң жеті күн ішінде табысталады.

жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін:

  • азаматта осы мақсаттар үшін тегін берілген жер учаскесінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • жеке куәлік немесе төлқұжат;
  • салық төлеушінің куәлігі (СТН).

шаруа (фермер) қожалығы үшін:

  • шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерімен қол қойылатын шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің тізімі;
  • басқа жер жер учаскесінің болуы (болмауы) туралы анықтама;
  • ауыл шаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарлмасы;
  • қожалық басшысының ауыл шаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар.

Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін шаруашылық серіктестіктің, өндірістік кооперативтердің қатысушылары (мүшелері) құрамынан шыққан кезде де бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жерін және оның жер үлесінің мөлшерін көрсете отырып, қатысушылардың (мүшелердің) немесе олардың өкілдері қол қойған ауыл шаруашылық ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің қатсыушыларының жиналысы хаттамасынан көшірме беріледі

объекті құрылысы үшін:

  • объектілер құрылысының орналастыру сызбасымен қоса сұралып отырған алаңды тұтыну негіздемесі;
  • кен пайдалану шартының көшірмесі (егер жер учаскесі кен пайдалану шарты талап ететін қызметті жүзеге асыруға арналса);
  • жеке куәлік немесе төлқұжат;
  • салық төлеушінің куәлігі (СТН).

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш ол келіп түскен уақыттан бастап екі ай ішінде қаралады, сол аралықта жер учаскесін беру (немесе бас тарту) мүмкіндігі анықт алады.

  1. Жер учаскелердің мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте сәулет-қала құрылысының құжаттамаларына сәйкес қызметтің осы түрлері үшін жер бөлу нормаларымен анықталады.
  2. жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар; бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. Жер учаскелері қайта тегін берілмейді.
  3. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін және ауылдық жерде жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін жер учаскелердің шекті (ең көп) мөлшері жергілікті жағдайла мен ерекшеліктерге байланысты облыстық (республикалық маңызыз бар қалалар және астаналар) өкілді және атқарушы органдардың біріккен шешімдерімен белгіленеді.
  4. Жер учаскесін жеке меншікке берген кезде Қазақстан Республикас ыүкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі қаулымен бекітілген төлемнің базалық ставкалары қолданылады № 890.

Жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттарды қабылдаудан бас тарту

Жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттарды қабылдаудан бас тартуға келесі негіздемелер бойынша жол беріледі:

  • өтініш нысаны дұрыс толтырымау (құжатта қырып тазарту, қосымша жазу, сызылған сөздер, сондай-ақ қарындашпен түзетулер болмауы керек );
  • өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаса;
  • мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсыну;
  • құжаттарда қажетті қолдар мен мөрлердің болмауы;
  • құжатты толтыруға қойылатын талаптарда бұзушылықтардың болуы.

Өтінішті қабылдау кезінде заңмен көзделмеген басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Сізге бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша түрде жауап беріледі.

Жер учаскесіне құқықты ресімдеуді тоқтата тұрудың негіздемесі

Жер учаскесіне құқықты ресімдеу келесі негіздемлер бойынша тоқтатылуы мүмкін:

  • Осы жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы немесе оған қатысты жүргізіліп жатқан сот ісінің қарауы туралы хабарламаның болуы;
  • заң бұзушылықты жойғанға дейін прокурорлық бақылау актісімен;
  • бір жер учаскесіне құқық ресімдеуге және осы учаскенің басқа пайдаланушыларының құқықытарын ресімдеу процесінде жер учаскесінің алаңдарының, шекараларының және басқа жағдайларының өзгеруі анықталған жағдайда.

Сот актілері және прокурорлық бақылау актілері бойынша жер учаскелеріне құқықты ресімдеуді тоқтату тоқтауға негіз болып табылатын жағдайлар қайтқанға дейін, ал бірнеше өтініштердің түсу себеб бойынша – тараптар өзара келісім орнатқанға дейін немесе сот шешімінің заңды күшіне енгенін бергенге дейін мерзімге қалдырылған болып есептеледі.

Сізге себебі мен тоқтату мерзімін көрсете отырып жазбаша хабарлама жіберіледі, ал қажет болған жағдайда ресімдеуді тоқтату себептерін жою үшін және ол үшін қажетті мерзімді, әрі қарай әрекет етуді көрсетеді.

Жеке тұлғалар үшін мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру (жер учаскесін ресімдеу) тәртібі туралы ақпараттарды ұсыну қызметі жөніндегі құжаттардың тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексі № 442;
  2. Жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен оларды жалға тапсырған кезде жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерінің жалдау құқығын сату үшін төлем мөлшерлерін белгілеу туралы. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысы.
  3. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы қаулысы;
  4. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы қаулысы;
  5. 2006 жылғы 14 маусымдағы жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық;
  6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық ережелері туралы» заң.

http://aisgzk.kz/

Ұқсас сұрақтар

...