0 дауыс
8.6k көрілді
Сәлеметсіздерме! Мен Алла қаласа 2 айдан соң мектеп бітіремін. ҰБТ-ға қатысамын,таңдау пәнім биология-химия(мамандығым дәрігер ата -анамның қалауы).Бірақ өзім дизайнер болғым келеді. Дизайн мамандығын оқысам ба деймін.Бірақ бір қорқатыным дизайнер мамандығын оқығаннан кейін жұмыс таппай қалып жүрмеймінбе? Дизайнер мамандығына сұраныс барма? Қандай жерлерде жұмыс жасауға болады тұрақты? Кеңес берсеңіздер.Рахмет!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Дизайн мамандығы бакалавры 5B072100

Оқу мерзімі: 11 бітірушілерге күндізгі бөлім – 5 жыл

Колледж бітірушілерге күндізгі бөлім-3 жыл

11 сынып бітірушілерге сырттай бөлім – жоқ

Сала бойынша колледж бітірушілерге сырттай бөлім-4 жыл

Қабылдау емтихандары:

11 сынып бітірушілерге – ҰБТ-дің сертификаты (Қазақстан тарихы, қазақ (орыс)тілі, творчестволық емтихан (сурет, сызу)

Колледж бітірушілерге –КТ сертификаты (Қазақстан тарихы, қазақ (орыс)тілі, творчестволық емтихан (сурет, сызу)

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі

жарнама дизайнері мамандығы

Арнайы оқытылатын негізгі пәндер:

  • сурет;
  • көркем сурет;
  • композиция негіздері
  • түстану;
  • жарнама және баспа графикасы
  • арнайы жарнама түрлері
  • компьютерлік графика
  • графикалық дизайн нысандарын жобалау

Бітіргеннен кейін келесі міндеттерді атқара алады:

  • жарнама өнімдерінің материалдарының қасиеттерімен түрлерін білу;
  • жарнамалық өнімдерді әзірлеу үшін материалдарды таңдау;
  • жарнама өнімдерінің эскиздерін қолмен және компьютерде орындау;

-журнал, кітаптардың мұқабасын безендіру және олардың жобасын жасау,;

• жарнамалық пакет дайындау (іскерлік құжаттама, баннер, стендтер, каталог, буклеттер, визиткалар, күнтізбе, орауыштар т.б.)

  • Баспа жабдықтарымен жұмыс жасай білу;
  • жарнамалық стендті безендіріп, компанияны жарнамалай білу;
  • графикалық компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасай білу (Corel Draw, Adobe Photoshop, 3D MAX, Auto CAD);

-видеоролик, видеофильм жасау, Web-сайт әзірлеу;

Білімін магистратурада жалғастырып, өзінің кәсібін ұйымдастырып, компанияларда, баспаларда дизайнер-безендіруші ретінде жұмыс атқарып, әртүрлі көрмелер мен жарыстарға қатыса алады.

Интерьер дизайнері мамандығы:

Арнайы оқытылатын негізгі пәндер:

  • сурет;
  • көркем сурет;
  • композиция негіздері
  • түстану;
  • интерьер үшін тоқыма
  • интерьерге арналған бұйымдарды дайындау технологиясы
  • дизайндағы заманауи материалдар
  • графикалық бағдарламалар
  • графика және модельдеу
  • интерьерге арналған бұйымдардың мәнері мен бағыты;

Бітіргеннен кейін келесі міндеттерді атқара алады:

  • материалдардың пластикалық қасиеттері мен түрлерін білу;
  • Эргономиканы білу;

– жиһаз интерьерімен жабдықтарының эскиздерін жобалау.

  • нысан интерьері эскиздерін қолмен және компьютерде орындау
  • жиһазды орналастыра отырып, нысанның жоспарын сызу;

-жиһаз интерьерімен жабдықтарының сызбасын жасау;

  • Гобелен, сәндік панно, батикті орындауды білу т.б.).
  • Заманауи компьютерлік графикалық бағдарламаларды білу (Corel Draw, Adobe Photoshop, 3D MAX, Auto CAD)

Білімін магистратурада жалғастырып, өзінің кәсібін ұйымдастырып, интерьер дизайнері ретінде жұмыс атқарып, әртүрлі көрмелер мен жарыстарға қатыса алады.

Костюм дизайнері мамандығы:

Арнайы оқытылатын негізгі пәндер:

  • сурет;
  • көркем сурет;
  • композиция негіздері
  • түстану;
  • тоқымалық материалтану;
  • костюм технологиясы
  • тігін өнімдерін жобалау
  • киімді конструктивті модельдеу
  • костюмдегі графикалық дизайн
  • ассортиментті киім топтарын жобалау;

Бітіргеннен кейін келесі міндеттерді атқара алады:

  • киім модельдерінің коллекциясы эскиздерін қолмен және компьютерде орындау;
  • киім модельдерінің коллекциясы үшін материалдардың түрлері мен қасиеттерін білу;
  • жеке адамнан өлшем алу, оның өлшемін, бойын анықтау;
  • бір үлгінің негізінде үлгілер дайындау;
  • лекалалалар дайындау, пішу, киім дайындаудың технологиясын білу;
  • бейне таңдап, сай келетін үлгінің моделін салып, клиенттен тапсырыс қабылдау;
  • үлгілерді көрсету, фотосессия жасай білу;

Салондарда, киім тігу ательесінде, модельер-конструктор, өндірісте суретші –модельер ретінде жұмыс атқарып, өз коллекциясымен сән апталықтарына, халықаралық жарыстарға қатысып, өзінің шағын кәсібін ашып, оқуын магистратурада жалғастыра алады.


http://www.symbat-adt.kz/dizajn-mamandy-y-5v042100?lang=kk

ой өсі жауаптардың бәрін интернеттен копировать етип рахаттанп сыпыртып жібересіндерго шіркін
...