0 дауыс
25.8k көрілді
Оте ерке шар. Сосын жатарда суды коп ишпесин,ишсе туалетке шыкканын кут. Аяктан салкын тиген я болмаса,казир аяккимдердин бари сыртынан калын боп корингенимен кигенде барибир аягын тонады сол сиякты кытайдын аяккимдери каптаган.

4 жауап

0 дауыс

Созылмалы простатитке емдеу жан-жақты жүргізі-луі тиіс, ол жалпы шынықтыратын және антибактериялық терапиядан, сондай-ақ қуық асты безіне жергілікті әсер етуден түрады. Инфекциямен күресу үшін әсер ету спектрі кең антибиотиктерді (ампициллин, карбенициллин, канамицин, гентамицин, амикацин, эритромицин, цефелоспорин және т.с.с), химиялық антибактериялық препараттарды (фурагин, сульфадиметоксин, бисептол, 5-НОК немесе нитроксолин, невиграмон, грамурин, фторхинолондар, палин) қолданады. Инфильтрация процестері тарауы үшін және тыртық-склероздық өзгерістердің дамуын тежеу үшін лидаза (тері астына тәулігіне 0,1 грамнан), алоэ экстракті (тері астына тәулігіне I мл-ден), шыны тәрізді дене (тері астына төулігіне 2 мл-ден) қолдану тиімді болып табылады. Бұл препараттардың терапия курсының ұзақтығы — 10-20 күн. Қуық асты безіндегі созылмалы қабыну процесін асқындыру үшін және одан кейін ойдағыдай антибактериялық емдеу үшін бұлшық ет ішіне пирогеналды 25 МПД-дан бастап бірте-бірте мөлшерін 100-150 МПД-ға дейін арттыра отырып қолданады.


Дәрімен емдеуді жергілікті физиотерапиялық емдеумен (қуық безіне массаж, отыратын ыстық ванна, түймедағы және антипирин қосылған ыстық микроклизма, ректальды диатермия, балшыкты ректальды тампондар мен дамбалдар) ұштастыру керек. Балшықпен емдеуді Атырау, Муялды, Жаңақорған, Железноводск, Саки және басқа санаторий-курорттарда емдеумен ұштастыру тиімді.


Науқастарға қимылды режимді (қөп қимылдау), ішімдік пен ащы тағам қосылмаған диетаны ұсынған ұсынған жөн. Созылмалы престатиттің емдеуі күрделі, жоғарыда аталған емдеу әдістерін кезектестіре отырып бірнеше курс өткізуден тұрады. Соңғы жылдары созылмалы простатиттің асқынған түрлеріне байланысты болатын белсіздікті емдеуге біздің Ғылыми урология орталығында ультрадыбыспен ықпал етуді және рефлекс терапиясы (ине шаншу, лазер акупунктурі) ойдағыдай қолданылуда.


Ультрадыбыстық терапия нерв орталықтары мен шеткі нервбұлшық ет түзінділерінің физиологиялық өзгергіштігін арттырады, парабиоз ошақтарын жояды, жоғары дәрежелі вегетативті орталықтар организмінің бейімделу-трофиктік қызметін қалыпқа келтіреді, гипофиз-бүйрек, симпато-адреналин жүйесіне, қалқанша және жыныс бездерінің қызметіне қалыптастырушы әсер етеді, катехоламиндер алмасуын реттейді. Ультрадыбыстың әсерімен нейроэндокринді реттелудің трансгипофизді ғана емес, парагипофизді жолы да белсенділігін арттырады. Бұл терапия қабынуға қарсы әсер етеді, регенераторлық процестерге жәрдемдеседі.


Ине шаншу — биологиялық белсенді нүктелерге (акупунктура нүктелері) ине шаншу арқылы әсер ету әдісі. Акупунктура нүктелеріне ине рефлекс терапиясынын немесе басқа тітіркендіргіштердің физиологиялық әсер ету механизмі нерв жүйесінің әр түрлі деңгейінде өзара әрекет етумен байланысты, бұлар висцеральдық жүйелердің реттелуін қамтамасыз етеді.


Емдеу екі кезеңнен тұрады. Әркайсысы 10-12 процедураны қамтитын 1-3 курстан тұратын бірінші кезенде аурудың формасы мен сатысына қарамастан, ұзақтығы 60 минутқа дейін жететін ине шаншу әдісін (тежеу әдісі) қолданады. Бірінші кезеннің мақсаты — жалпы шынықтыру, невроздық қабаттарды ажырату, толық жыныстық тыныштықты қамтамасыз ету. 1-2 курстан тұратын екінші кезенде эрекция қызметі тежелген ңдуқаетарда ұзақтығы 5 минуттық ине шаншу терапиясын (қоздырушы өдіс), ал жалпы нүктелерде ұзақтығы 60 минуттық тежеу әдісін қолданады. Жыныс қызметі аса қозған тұста тежеу әдісімен емдеу екінші кезенде де сақталады. Процедураны күн сайын немесе күн аралатып жүргізеді, курстар аралығының интервалы — 1-4 апта.


http://ikaz.info/uy-asty-bezini-abynuy-prostatit/

0 дауыс
Осы сиіп қоюдан наөты қалай құтылуға болады? Көмектесіңіздерші! Дәрігерлердін укол беруі дұрыспа оны емдеудің ең оңай жолы барма?
0 дауыс
Невропотологқа көрсету керек.РЭГ-ке түсіреді.Бізге Пантокальцин мен дриптан жазып берді.Кешкі 7-ден соң су берме деді Қаріз су көп ішкен кезде әр кезде ғана сиіп қояд.Мен дәріні толық бермедім.Содан болар.
0 дауыс
Менің ұлым түнде ұйқысы бұзылып оянып кетеді қараса ішкиімі ылғал болып тұр не істесем болады жатарда сигізіп аламын ұйқысынан тұрып сиіп жатып қалады қайтадан

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 1.02.2023 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.07.2020 Жалпы медицина сұрақ қойды
...