Өмір сүру керемет ғой! Дегенмен мені осы ой жегідей жейді. Жолдасыммен ажырасқым келеді. Неге дейсіздер ғой. Мен жас қыз емеспін. Отасқанымызға 20 жылдан асты. Осы уақытқа дейін әлі неке жүзігін таққан емеспін, неке жүзік болмаған соң той да қайдан болсын. 15 жылдай үй-күйсіз көшіп жүрдік. Мен оны жақсы көрген шығармын. Білмеймін. Онымен қосылғаннан кейін өмірімнің астан-кестені шықты. Сенбейтін шығарсыздар. 10 жыл бойы есңгіреп жүрдім. Содан кейін 5 жылдай ауырдым. Кәдімгідей ІІІ топтағы мүгедік болып таңылып 3 жылдай жүрдім.Содан кейін емделіп жазылдым. Ешқашан бірге кино, концертке барып көрмеппіз.Біреу қонаққа шақырса ол бармауға тырысады. Барса міндетті түрден біреумен айқасып, жұлысып, санасып отырады. Оның мінезі шайпау. Сондықтан барлығы одан қашады. Тіпті туған ата-анасы, туыстары шай құдалық болса бізге айтпауға тырысады. Жамандығын жасырып, жақсылығын асырап-ақ бақтым. Енді қалған өмірімді сұрықсыз өткізім келмейді. Ажырасу үшін нелер жасамадым.Занды түрде некеге де тұрған жоқпыз.Алла алдында да, адамдар алдында да ешқандай рәсім болған емес . 2 балам бар. Ол екуін сондай жақсы көремін. Бірақ күнде тым-тырыс, у-шусыз оның өміріннен кетіп қалғым келеді. Қайтып ешқашан оралғым келмейді. Маған қандай кеңес бересіздер?