0 дауыс
456 көрілді
Армысың ағайын?! Қазақта "əу" демейтін адам жоқ дегендей, қағазға қалам сүйкеп кем дегенде бір-екі шумақ жанынан шығарып, өлең жазатындары да жоқ емес. Өзімді ақынмын демеймін, əйтсе де, шабытым ашылғанда шумақтарды көсілтіп қоя беретінім бар. Ондайда асығыс, қолыма түскен қағазға түсіріп жаза саламын. Сондай шумақтардың көбі жоғалды, үлгергенімді қойын дəптеріме жазып алдым. Алайда, дəптерде құр қарайып жатқан өлеңнен не пайда оқырманы болмаса?! Өзім Евразия Ұлттық Университетінің Филология факультетінде оқимын. Мамандығым филологияның орыс тілі болғандықтан жазған өлеңдерімді жарыққа шығаруға мүмкіндік жоқ. Өзім қазақ болған соң сөзім де қазақ. Жазған өлеңдерім тек қазақ тілінде. Оларды я орыс филологиясы, я орыс тілі кафедраларына ұсына алмаймын. "Тыңдаушысы болмаса - сөз жетім" дегендей, жазған өлеңдерім қағазымен бірге сарғайып тек жатыр. Оқырманын тауып жатса, бəлкім біреу оқып ой түйер, сыншысы да табылар деген ой келді. Сұрайын дегенім, сол өлеңдерімді қайда ұсынсам екен? Ғаламтор желісінде біраз сайттардан ел арасындағы ақын бауырларымыздың жазған өлеңдерін оқып жүрміз. Сол сайттарға қалай жариялауға болады екен? Қандай сайттарды ұсынар едіңіздер? Алғысым шексіз. Алла амандығын берсін

1 жауап

0 дауыс
Сіз тек қазақ тілінде жазсаңыз, онда қазақ тілді сайттарға ұсынып көріңіз. Мысалы: kazvip.kz, kazmusic.kz nur.kz т.с.с
...