0 дауыс
691 көрілді
Асыл ана деген уағыз бар еді ғой... Анасы соқыр болатын ше ?! Сол уағыздың авторы кім. Монолог сияқты уағыз.

1 жауап

0 дауыс

Соқыр ана туралы уағыз.

Бейнеклипі.

Жібісін деп жүректерін жыр төгем
 Перзент білсін анаға қол сілтеген
 Жетім жайын, жесір жайын толғаған,
Бүгінде жоқ күнде жүріп күл деген

 Адамды Алла дар мақсатпен жіберген,
Мақсатымды таңып, сезіп білер ма ен?
Ата-анадан биік қойған бар малың
 Қуыс кеуде топаң бас көп білер ма ен…

Сеніп еді табылар деп қасынан 
 Сенген қой, теңтек болды жасынан
 Ғибрат алып, ойға қалып тыңдап көр,
Оқиғаны баяндайын басынан…

Бала еді терең ойлап көрмеген
 Ойын ойнап,қызық қуып терлеген
 Мектептегі сабақ, тәртіп тым жақсы,
Сондықтан да жоқ кедергі көлденең…

Бірақ оның көңілін бір ой бөледі…
Дейді өзі, сол ой жолды бөгеді
 Өз пайымы солай ғой бұл баланың
 Анасының бір көзі жоқ себебі…

Сол мектепте аспазшы еді анасы,
Ұлына еді дәмді, тәтті парасы
 Ақша тауып асты-үстіне түсетін,
Қарны ашпасын, киінсін деп баласы…

Ал баласы асханаға кірмейтін
 Анасымен көшеде бір жүрмейтін
 Ас беретін соқыр әйел анасы
 Екендігін достары да білмейтін…

Әрбір тәулік ашып жаңа парағын
 Бұл да басты сақтықпен әр қадамын,
Кім біледі ғұмырын бұл жұмбақтың?
Қанша уақыт жұмбақ болып қаларын…

Құпиясын ашпаса кім біледі?
Байғұс ана мейірімді еді жүрегі,
Баласының талабы мен талантын
 Білейін деп сабағына кіреді.

Жаутаңдатып жалғыз ғана жанарын
«Рұқсат па? Амансың ба қарағым,
Білейін деп келіп едім сабағын,
Анасы едім мына отырған баланың»

Деген кезде балалар ғой ешкімді
 Ренжітпеген, елемеген еш мұңды:
«Анасының бір көзі жоқ қызық ай!»
Деген сұмдық, суық, мысқыл естілді…

Баласының кетті түсіп қабағы,
Анасына айуан көзбен қарады…
Ыза буып сал есікті сарт ұрып,
Шығып кетті бетке ұстап даланы…

Келді үйіне уақыт асқан ақшамнан
 Назын айтты назалы үнмен басталған
 Анасы жүр әлек болып ас әкеп,
Баласының қамын ойлап аш қалған.

Деді ұлы:«Ана, неге келесін?
Іздеп келсен бар ойымды бөлесін,
Мені ездеп келмеші енді мына жұртқа,
Анасының көзі соқыр демесін..

Мен ұялам, сыртта маған жолама!
Сөздеріме көңілін рас тола ма?
Неге соқыр,қайда сенің бір көзін?
Айтшы анашым, сырын білсем бола ма?»

Жылады ана, еңіреді, егілді,
Үйренген ғой, келген мұңға көнуді
 Шын жылады,соқыр көзден жас шықты
 Көкірегінде бар құпия көмулі

«Кешір қалқам, не десең сол болады,
Айтқан сөзің ақылыма қонады,
Сені ұялтқан саған еткен қатемнің
 Бүгін мынау, ең соңғысы болады!»

Иә, дәл солай болды, сол жер соңғысы,
Екінші рет бармады онда ол кісі
 Сыртыңнан ақ тілеуінді тілейін,
Осы болар істердің ең оңдысы

 Баласының тілегі осы қалаған
 Жеке жүрсе бақытты өзін санаған,
Деп ой түйді:"Құтылар ем шешемнен,
Оқу бітсе, келмей қойсам қаладан."

Солай жүріп бітті
...