+1 дауыс
7.6k көрілді

2 жауап

+1 дауыс
Ақпарат көзі:http://kk.wikipedia.org
Экологияның атасы-Александар фон Гумбольдт.
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.

Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады.
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары және қорғану жолдары
1. Экологиялық апат түрлері     2. Апаттың зардаптары     3. Апаттан қорғану жолдары
1. Ортаның ластануы     1. Адамдардың ауруға     1. Ластанудың себептерін табу
2. Техногенді апат     2. Миллиондаған адамдардың қырылуы     2. Адамдарға үгіт-насихат жүргізу, ондай обьектілерді
қаладан алыс жерде орналастыру
3. Ресурстардың таусылуы     3. Ел экономикасының құлдырауы     3. Тиімді пайдалану
4. Топырақ эрозиясы     4. Өнімнің азаюы     4. Тыңайтқыштар беру
5. Озон қабатының жұқаруы     5. Ультракүлгін сәулелердің зардаптары     5. Атмосфералық ауаға зиянды газдарды жібермеу
6. Табиғат апаттары (жер сілкінісі, сел және т.б.)     6. Адамдар шығының көптігі, экономикалық шығындар     6. Алдын-ала дайындық жүргізу және олардың болуын
алдын-ала хабарлау
7. Сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтау     7. Экологиялық тепе-теңдіктің өзгеруі, өсімдіктер, топырақ     7. Қызыл кітапқа енгізу, қырқуға, жинауға, аулауға тыйым
салу, қорықтар құру, қорын көбейту
8. Шөлейттену ұшырауы жамылғысының бұзылуы     8. Топырақ эрозиясы, өнімнің азаюы, экологиялық
тепе-теңдіктің бұзылуы     8. Зиянды антропогендік әсерлерді азайту

Қазақстанда табиғи жайылымдар басым. Елімізде өсімдіктердің 570 000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты сирек және жойылып бара жатқан түрлерді есепке алып, оларды қамқорлыққа алып, қорықтар ұйымдастыру.

Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге де бай. Олар көбіне Іле және Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, бақбақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр және т.б. көптеген түрлері медицинада қолданылады.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін, сәндік өсімдік түрлері де көп. Олардың да саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмұрт-шөп, сары тұңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім және т.б. бірте-бірте жойылып барады.

Адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына да себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері сүтқоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуі тікелей адамдардың қатысуымен болған. Соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгеріске ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар. Қазақстан аумағында қазірдің өзінде 300-ден аса жануарларға жойылу қаупі төніп тұр. Олардың қатарына - қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, және т.б. жатады. Ал құстардан - ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала, сары ала қаз, шалшықшы т.б. атауға болады.

Қазақстанның інжу-маржаны аталған Балқаш, Алакөл, Марқакөл, Зайсан т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Каспий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондагы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде (теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті).

Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
0 дауыс
Экологияның негізін салушы Эрнест Геккель, ал атасын естиммеппин

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
0 жауап
...