0 дауыс
7.8k көрілді
ККеден ісі мамандығы қандай мамандық болашағы бар мамандықпа олар немен айналысады ?

2 жауап

0 дауыс

ОҚУ МЕРЗІМІ

Жалпы орта білім негізінде оқу мерзімі күндізгі бөлімде – 4 жыл. Орта кәсіби білім негізінде оқу сырттай бөлімде - 3 жыл.


МАМАНДЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Осы мамандық талапкері – бұл кеден ісі саласында кәсіби қызметке дайындалған маман.

Оқу барысында студенттер негізгі құқықтық пәндер бойынша терең функционалды дайындықты меңгереді және жаңа заңнаманы игереді.

5B030400 «Кеден ісі» мамандығын бітіруші келесі дағдыларды білулері керек:

- кеден қызметін ұйымдастыру тәртібін, тауар импорты мен экспортын, валюта операцияларын, кеден баждарын алу және есептеу.

- Қазақстан Республикасының шекара саясатын, ,әкетуге рұқсат етілген және тыйым салынған тауарлар тізімдерін еркін меңгереді.

- оқу бітіруші қоғамның мемлекеттік құқықтық құрылымын біледі, мемлекеттік басқару, сот жүйесі, прокуратура органдары, адвакатура органдары жүйесінің буындарын және олардың құзіреттері мен өкілеттіктерін айыра біледі.

Еңбек заңнамасын және әлеуметтік қамтамасыз ету сұрақтарын еркін айыра біледі. Әр түрлі дауларды шешу дағдысын меңгереді.

Қылмыстық құқықтық заңнама, криминалистикалық техника және тактиканы біледі, қылмыстық және азаматтық заңнаманы қолдану дағдысын меңгереді.


БІЛІКТІЛІК

5B030400 “Кеден ісі ” мамандығы бойынша толық курсты өткеннен кейін түлектерге “Кеден ісі бакалавры”біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік диплом беріледі. Төртінші тест алатын пән – Дүниежүзілік тарих.

Жалпы жақсы мамандық.

Қай оқу орнында оқыған жақсы осы мамандық бойынша ?
0 дауыс
Қандай пән таңдайды
...