0 дауыс
1.1k көрілді
Эколог мамандығына математика керекпе ?

мен математикаға шамалымын эколог маманы болу үшін керекпе ?

және эколог оқып жатырған студенттер болса сұрақтарым бар еді

1 жауап

0 дауыс

Сізге биология пәнін оқу керек.

Мамандандыру: 5В060800 - «Экология»:

- «Қоршаған табиғи ортаның биоалуантүрлігін сақтау және қалпына келтіру»

- «Қоршаған ортаны бақылау – экспертті бағалау»

Біліктілігі 5В060800 - Экология

Оқу мерзімі- 4 жылТандау бойынша пән- биология

Кәсіби қызметінің саласы

5В060800 - Экология мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы-өндіріс, басқару, ғылыми-зерттеу және білім беру салалары, экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаньң сапасы мен адам денсаулығын бакылау болып табылады.

Экология бакалавры мынадай қызметтерге орналаса алады: эколог-биолог, эколог-географ, эколог-топырақтанушы, эколог-физик, эколог-химик, эколог-сарапшы, эколог-зерттеуші, жалпы және арнаулы орта білім беру мекемедерінде биология, география және экология пәнінің оқытушысы. Жоғары базалық білім бар түлек мынадай қызметтерге тағайындала алады: өндіріс салалары бойынша эколог, орта және арнайы орта білім беру мекемелерінде оқытушы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, эколог-инженер, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерінде эколог-лаборант, менеджер және т.б.

Ұқсас сұрақтар

...