0 дауыс
2.2k көрілді
Салеметсыздер ме?! Менын жасым 29да жолдасым 34те 4баламыз бар. Колжетымды  баспана багдарламасы бойынша баспана алуымызга мумкындык бар ма? Ол ушын кайда барып, кандай кужат тапсыруым керек?

2 жауап

0 дауыс

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй қатынастары бөліміндегілер түсіндіргендей, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасылар үшін баспана «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі.

Қалада осы бағдарлама аясында жас отбасылар үшін 17 112,9 шаршы метр баспана салынатын болады. Бұлар алаңы 40-тан 75 шаршы метрге дейін болатын 3-ші және 4-ші жайлылық деңгейіндегі жалға берілетін үйлер болмақ.

Осы бағдарлама бойынша жас отбасында ұсынылған баспанада жеңілдікпен тұрып, 8 жыл бойына тұрғын үй сатып алу үшін жарналар жинақтауға және кейіннен15 жылға дейінгі мерзімге банктен тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндігі болады. Жалға берілетін баспана салудың және сатудың осы механизмі жас отбасыларға арналған баспаналардың қолжетімділігін арттырады.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1) өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы қажет; 2) өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы; 3) өтініш берілген елді мекенде тіркелуі;

4) ерлі-зайыптыда және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы; 5) соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын төмендету фактілерінің болмауы; 6) соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы Атырау қаласы үшін – төменгі күнкөріс минимумының 4 есе мөлшері (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТКМ – 17 439 теңге).

Жергілікті атқарушы орган (ЖАО) аталмыш бағдарламаға қатысу өтініштерін қабылдауды жалға берілетін тұрғын үй құрылысы басталған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей бастайды және жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер аз болған жағдайда ЖАО өтінішті қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары» мемлекеттік мекемесі «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап Сәтбаев, 23 мекен-жайындағы халыққа қызмет көрсету орталығында өтініштер мен құжаттарды қабылдаудыбастады. Қалалық ТКШ, ЖК және КЖ бөлімінің бастығының атына жазылған өтініш бланкасына жеке бас куәлігінің, неке туралы куәліктің, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері, өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама (түпнұсқа), еңбек кітапшасының, үй кітабының көшірмелері немесе тіркелген мекен-жайы бойынша мекен-жай анықтамасы, тіркелген мекен-жайы бойынша пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін (үйдің жоспары мен сату-сатып алу келісім-шартының көшірмелері), баспана алуға үміткер кәмелетке толған барлық отбасы мүшелеріне берілген әділет департаментінің №1 формадағы анықтамасының түпнұсқалары тіркелуі қажет. Өтініш бергеннен кейін төлемге қабілеттілігін растау үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Атырау филиалына жолдама беріледі.

Жас отбасыларды іріктеу баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Баллды есептеу тәртібі: 1) некеге тіркелген әр жыл үшін – 5 балл; 2) бір балаға – 20 балл, әрбір келесі балаға – 30 балл; 3) ҚР үкіметінің бекітілген тізіміне сәйкес мүгедек боп табылатын немесе кейбір созылмалы сырқаттың ауыр түріне шалдыққан әрбір отбасы мүшесіне – 10 балл; 4) мемлекеттік бағдарлама аясында алдыңғы іріктеу кезінде салынған үй тізіміне енбеген үміткерлерге қосымша 5 баллдан.

Іріктеуден өткен азаматтарға қайтадан төлем қабілеттігін растау шегінен өту үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Атырау филиалына жолдама беріледі.

Қаржылық ауқаттылығы расталғаннан кейін жалға берілетін баспананы бөлу баллдық жүйе бойынша кезектілік тәртібімен және салынып жатқан үйлерді пайдалануға беру ретіне қарай жүзеге асырылатын болады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» үш ай ішінде жарна төлемі болмағандығы туралы ақпарат түссе, өкілетті орган жалға алушыны жалға берілген баспанадан шығарады.

Қолайлылықтың 4 деңгейіндегі пәтерлерді алудың шамамен есебі (1шаршы метрдің құны – 120 мың теңге):

1) алаңы 45 шаршы метр болатын пәтер: ай сайынғы төлем (төлегенге дейінгі алғашқы 8жылда жинақ салымы) 25 440 теңге және төлегеннен кейін 16 800 теңге құрайды (15 жылдық тұрғын үй қарызын өтеу);

2) алаңы 62 шаршы метр болатын пәтер: ай сайынғы төлем – 38 160 теңге және төлегеннен кейін 25 200 теңге;

3) алаңы 75 шаршы метр болатын пәтер: ай сайынғы төлем – 50 880 теңге және төлегеннен кейін 33 600 теңге.


http://azh.kz/kz/

0 дауыс
Сәлеметсізбе.Ажырасканмын 4 балам бар, ең кiшiсi 9 айлық,уакытша өзимнин әке шешемнин үйінде тұраын,жумыс истемеймин. Толык емес жанұя деп мемелекеттен пәтер алу үшін,кужаттарды қайда тапсырады және қандай құжаттар керек. Алдын ала Рахмет
...