0 дауыс
43.6k көрілді
2017  жылы   Серпін  бағдарламасы   арқылы  қалай   жоғарғы   оқу   орнына   тапсыра аламын?

27 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Серпін-2050» бағдарламасына қатысу бойынша қосымша анықтама

ЖОО-лар мен колледждердегі әр мамандық туралы толығырақ танысу үшін www.serpin-2050.kz сайтына кіріп, оқуға болады.

Сонымен қатар, сайттағы «Сұрақ-жауап» бөлімінде талапкер көңілінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берілген:

1. Мемлекеттік «Мәңгілік ел жастары–индустрияға» атты бағдарламасы туралы негізгі ақпарат:

А) Аталмыш бағдарлама бойынша жеті облыстағы 7 жоғары оқу орындары (әрі қарай ЖОО) қатысады;

Ә) 7 ЖОО үшін 1050 арнайы грант бөлінген, әрбір ЖОО-ға 150 гранттан қаралған. Онда педогогикалық 19 мамандық түрі белгіленген. (www.serpin-2050.kz сайтында көрсетілген).

2. Аталмыш бағдарламаға кімдер қатыса алады:

А) ҰБТ немесе КТ-дан шекті (50 балл, орыс тілін қоспағанда) және одан жоғары балл жинаған талапкерлер (бұл талап шығармашылық емтихан тапсыратындарға қатысы жоқ 4-ші таңдау пәнінің орнына шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерге 3-пунктте түсініктеме көрсетілген).

Ә) ҰБТ-ға қатыспаған, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-ға грантқа түспеген жастар КТ тапсырғаннан кейін қатыса алады;

Б) Егер бейіндік пән бойынша 7 балдан аз алсаңыз, онда конкурсқа қатыса алмайсыз.

Ескерту: егер бағдарламада көрсетілген 7 ЖОО үшін бөлінген 1050 арнайы грантты (мамандықтарды) таңдамасаңыз, бұл бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайсыз!

3. Осы бағдарлама бойынша шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін ақпарат.

А) 1050 арнайы гранттың ішінде шығармашылық емтихан тапсыратын мамандықтар бар. Мысалы: «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы. Жалпы балды есептеу үшін ҰБТ-дағы 4-ші таңдау пәні алып тасталынады, ал оның орнына шығармашылық емтиханның қорытынды балын қосады.

Ә) Шығармашылық емтихан балдарын және ҰБТ-дағы негізгі 3 пәннің (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика) балдарын қосқанда, 50 балл немесе одан жоғары болғанда қатыса алады.

Б) Ал сол негізгі 3 пәннен (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндерінен) 4 балдан аз алса және шығармашылық емтихандардың әрқайсысынан 10 балдан кем алса, бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайды.

4. Бағдарлама бойынша мамандық таңдау қалай жүргізіледі:

А) Талапкер www.serpin-2050.kz сайтының оң жағындағы –

«ЖОО мамандық таңдау» сілтемесі арқылы кіресіз;

Ә) Сол жерден өзіңіздің ҰБТ кезінде таңдаған 4-ші пән бойынша қандай мамандыққа тапсыра алатыныңызды көре аласыз;

Б) Таңдау пәні бойынша тізімдегі сәйкес мамандықтарды таңдайсыз;

В) Әр мамандықтар бойынша мамандық шифры және сол мамандыққа арнайы грант бөлінген ЖОО аты жазылған.

Мысалы: Егер 4-ші таңдау пәніңіз физика болса, кәсіптік оқыту, информатика, математика, физика сияқты 4 түрлі мамандықтар ішінен керегін таңдайсыз. Содан соң мамандық коды мен таңдаған мамандығыңызға грант бөлген ЖОО-ны тауып аласыз.

5. ЖОО-ны қалай таңдауға болады?

А) Аталмыш бағдарлама бойынша бөлінген 1050 арнайы грант тізімдегі 7 ЖОО-ға ғана тиесілі. Сайттың оң жағында «Арнайы гранттар бөлінген ЖОО-лар» сілтемесіне кіріп, өзіңіз таңдаған мамандықтарыңыз қай ЖОО-ларда орналасқанын көріп, қажетті ЖОО-ларды таңдайсыз.

Ә) Бағдарлама бойынша сол ЖОО-ға бөлінген арнайы гранттар тізімі көрсетілген;

Б) Сонымен қатар, ЖОО орналасқан облысы, мекен-жайы, байланыс телефондары, әлеуметтік-мәдени жағдайымен таныса аласыз;

В) Талапкер қалауы бойынша бір университетті немесе төрт университетке дейін таңдау жасай алады.

Г) Таңдау жасап болған соң, мамандықтардың шифрын және ЖОО-ның кодтарын жазып алыңыз.

6. Конкурсқа қатысу құжаттарын қашан және қайда тапсырады:

- Конкурсқа қатысу құжаттары 23-31 шілде аралығында қабылданады;

- Өзіңіздің облысыңыздағы «Қабылдау комиссиясына» барасыз;

- Құжаттарды өз қалаңызда отырып, басқа қаладағы ЖОО-ға тапсыруға болады.

7. Қабылдау комиссиясындағы «Өтініш бланкісін» толтыру:

Бланкіге 4 ЖОО-ның әрқайсысында бір мамандықты жаза аласыз немесе бір ЖОО-ға 4 мамандық таңдап жаза аласыз. Дәл солай 2 ЖОО-ға екеуден , 3 ЖОО-ға ( 2+1+1) мамандық таңдауға болады. Және тек бір ЖОО-ға бір ғана арнайы грант бойынша мамандық таңдауға болады.

Өтініш бланкісін толтыру кезіндегі негізгі мән беру тұстары:

1) 6, 8, 10, 12 – конкурс секторлары. Секторлардағы бос ұяшықтарға таңдаған мамандықтар шифрын бояйсыз.

2) 7, 9, 11, 13 – конкурс секторлары. Ондағы бос ұяшықтарға таңдаған ЖОО-ның кодын бояйсыз.

3) Егер талапкер шығармашылық емтихан тапсырса, онда 23 сектордағы 1-ші және 2-ші шығармашылық емтиханда алған балдарын жазады және бос ұяшықтарды бояйды.

4) «Талапкер қолы» бөлімінде талапкер өз қолын қояды.

8. Бағдарлама бойынша құжат тапсырған талапкерлер

www.serpin-2050.kz сайтына міндетті түрде тіркелуі керек:

Сайттың оң жағындағы «Тіркелу» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтырады;

9. Талапкерлерден төмендегі құжаттар талап етіледі:

- Жеке куәлік (төлқұжат және құжаттың 2 дана көшірмесі).

- Аттестат, куәлік косымшаларымен (түпнұсқасы мен көшірмесі).

- ҰБТ немесе КТ сертификаты.

- Фотосурет - 6 дана - 3х4 см (2014 жылғы).

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама, 063 үлгісіндегі егу картасы және 2014 жылғы флюорокадр (рентгенсуретімен бірге).

- Конкурс қорытындысы тамыз айының 8-10 аралығында республикалық газеттерде немесе ғаламторда жарияланады.


http://syrboyi.kz/

Мен колледжді бітірдім , КТА тапсырган жоқпын , конкурска катыса аламын ба және де конкурска катысу үшін құжаттарды кай жақа тапсырамын
0 дауыс
мен окуды битиргем, серпин багдарламасы бойынша жумыс бабымен костанай жакка кетким келеди, бизге кандайда бир женилдиктер боладыма? 87029061945 конырау шалуынызды сураймын
0 дауыс
Сəлеметсіздер ме? Биыл 2
0 дауыс
Кандай кандай 7 облыс жане 7 вуздар?Физика матем тандагандарга жогарыда корсетилген 4 гана мамандык па?Алде баскада
0 дауыс
сәлеметсіздерме медецинага канша балл 50 балл дан асса тусе аламба
0 дауыс
Серпин багдарламасынын грантына тандау панинен 15-тен аспаган жагдайда катыса алады ма 2 балл жетпей калып тур.Барлыгы 83 балл.Сиздерден жауап кутемиз.Аттестаттын барлыгы 5 химия пани га
0 дауыс
Сәлеметсіз бе. Менің общий балым 90. Биология:20. Химия:31.
0 дауыс
Маңғыстау облысында құжат  тапсыру қай жерде  жүреді
0 дауыс

2016-2017 оқу жылында ҰБТ-ға қатысқан түлектердің ата-аналарынан

ҮНДЕУ

Біріншіден: 2016-2017 оқу жылының басында біздің балаларымызды жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындауда Қазақстан тарихын алып тастап,оны екінші тоқсанның аяғында қайта қостыңыздар. Осы уақытта біздің балалар Қазақстан тарихыннан қосымша дайындауда біраз уақыттарынан ұтылып қалды.

Екіншіден: ҰБТ-ның жаңа форматының ережелері кешеуілдетіліп шығарылып, оған дағдыланудың өзіне бірнеше уақыт керек болды.

Үшіншіден: ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша критерийлер білім беру мекемелеріне мамыр айында келіп, асығыс жасалғандықтан оған біздің оқушыларымыз дайын болмады.

Бірінші мысал: Бір оқушы 51 ұпаймен шекті балдан асып, гранттық конкурсқа қатысады.

Математикалық сауаттылық

Қазақ тілі сауаттылық

Қазақстан тарихы

Биология

Химия

7

7

7

15

15

Екінші мысал: Бір оқушы 110 ұпаймен шекті балды өтемей гранттық конкурсқа қатысуға мүмкіндігі жоқ . Бұл сонда қалай болғаны ?

Математикалық сауаттылық

Қазақ тілі сауаттылық

Қазақстан тарихы

Биология

Химия

19

19

19

39

14

Біз ата-аналар таңдау пәндерінің 15 ұпайдық критерийлерін 10 немесе 12 ұпайға төмендетуді сұраймыз.

0 дауыс
Сәлеметсіздер ме.Мен осы жылы мектеп бітірдім.ҰБТ-дан 61 балл алып қалдым.Таңдау пәнім био-хим.Қ.тарих-14,матем.сауат-4,оқу сауат.-16,биология-10,химия-17 болып тұр.Енді матем.сауат. пен биология құртып тұр,шектік баллдан аспай...Серпін бойынша оқуға түсе аламынба? Қандай мамандыққа түсе аламын?Немесе ол туралы толығырақ қайдан немесе кімнен білсем болады???Ал серпінге емес,ақылы түрде қандай мамандыққа қай оқу орнына түсуіме болады?
сәлеметсіздер ме? Мен биылғы ҰБТдан  69 балл жинадым.Оку 15, матем 11 ,қазақстан тарихы 7,Әдебиет 17 ,дж тарих19. Осы баллмен серпин бағдарламасы аркылы тусе аламба және қай оку орнына?
0 дауыс
Алматыда серпин кабылдау комиссиясы Апай жерде? 57 баллмпн тусе аласынба жоо га?
0 дауыс
Кайырлы кеш! Мен Ент дан 86 балл жинадым. Матем сау- 13. оку- 11. Тарих-15. география- 26. математика-21. Серпинде географияда кандай универ кандай мамадыктар бар ким биледы екен? Алдын ала Рах
0 дауыс
Сəлеметсіздер ме сұрайын дегенім серпінге тек аудан ауылбалалары катыса алады деген рас па?  Ал каланың мектебінің балалары катыса алмай ма сонда??? Маңғыстау облысынан жауап күтемін
0 дауыс

Саламатсызба менин да костанайга серпиммен туским келеди. Био_хим болама  маган 87076974762 хабарласынызшы?

0 дауыс
Мен, 22.06.2017 жылы ҰБТ тапсырып, 79 балл жинадым, таңдау пәнім ағылшын-тарих, "Халықаралық қатынастар" мамандығына тапсырғым келеді, баллым оған түсуге жетедіме? Мүмкіндік барма?
...