+2 дауыс
32.5k көрілді
Руна жазуы жайлы қандай да мәлімет болса, көмектесулеріңізді сұраймын! Бүгін керек еді... Алдын-ала көп-көп рахмет!

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Руналық жазу (көне сканд.run - күпия) [орыс.][1] руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудын таңбалары сынатәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидін құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Ғылымда 150-дей жалпы германдық бұрынғы (үлкен) Руналық жазу (негізінен Ютландия, Скандинавия аралдарымен [Еуропаның][2] баска аудандарында) және 3500-нан аса кейінгі (кіші) Руналық жазу белгілі.Руналық жазудың ерекше түрі 7—10 гг. Англияда болған. Бұрынғы Руналық жазу мен кейінгі Руналық жазу қызметі жағынан да, тілі жағынан да бір-бірінен ерекше. Бұрынғы Руналық жазу қару-жараққа, тасқа жазылған. Олардың тілі негізінен біркелкі және өте ескі, көне герман тілдерінің ешбіріне сәйкес келмейді. Сонымен бірге ол сиқырлау мақсатында да қолданылған сияқты. Ал кейінгі Руналық жазуда көне Скандинавия тілдерінің ескерткіштері (тастағы мемориалдық жазулар) жазылған. "Руналық жазу" термині басқа көне жазуларға қатысты да айтылады, мысалы, дат ғалымы В. Томсен оны көне түркі жазулары үшін қолданған.
[Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет][3]


[Түрік руна жазбалары][4]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Орыс
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Еуропа
  [3]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Руналық_жазу
  [4]: http://mercurschool.kz/news/t_rik_runa_zhazbalary/2011-10-05-91
Рахмеет, Алла разы болсын!
0 дауыс
рахмет осы мағанда керек еді
...