0 дауыс
724 көрілді
Қалай ол сүйген қызымды өзіме қаратып алсам болады. Мен өзімнен 2 ай үлкен қызды қарата алмай жүрмін. Оның жігіті бар, не істесем болады?

2 жауап

0 дауыс

Қызға ыңғай білдірместен бұрын оны зерттеп алу керек деп ойлаймыз. Арудың психологиясын, таным түсінігін ұққаннан соң жоспар құрып, іске кіріскен жөн болады. Олай болса, қазақ қыздарының ойлау жүйесін саралай отырып жасаған кішкене зерттеуімізді қабыл алыңыздар. 

Бірінші әдіс - "Қос көгершін" әдісі. Бұл әдістің принципі қызға барынша жақсы сөздер мен ықыласыңызды танытуға келіп тіреледі. Яғни, реті келген тұста ер-жігіт мақтау айтып, қыздың керемет екендігін есіне салудан тайсалмауы тиіс. Көпшілік жерде бір жүргенде міндетті түрде қасынан табылып, бар құрмет пен қошеметін көрсетуі керек. Осылайша, әрдайым қыздың қасынан табылып, жылы сөздерді аямай, бар еркеліктерін орындау арқылы қыздардың бір тобының көңілінен шығуыңыз мүмкін. 

Екінші әдіс - "Қашқын". Көңіліңіз ауған қызға бірнеше күн бойы хабарласып, көңіліңіздің бар екендігін еппен білдіріңіз. Киноға, кафеге, паркке шақырып, барынша көңілін аулауға тырысыңыз. Осылайша, қыздың көңілі бері қарады-ау дегенде 2-3 күн хабарласпай, ұшты-күйлі жоқ болып кету керек. Сізге бауыр басып қалған қыз, әлбетте, жан-жүрегімен сізді іздейтін болады. Күтетін болады. Бірнеше күн өткен соң телефон шалып, халін сұрағаныңызда, ол ару ескі досын кездестіргендей қуанатыны анық. 

Үшінші әдіс - "Тасадан келу". Кейде ұнатқан қызыңыз тым тәкаппарлық танытып, сізді елмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда осы үшінші әдіске жүгінген дұрыс деп ойлаймыз. Қыздың жақын достарымен жақсы араласып, өзіңізді жақсы жағынан барынша көрсетуге тырысыңыз. Ару сіздің керемет адам екендігіңізге көзі жетіп, білген соң, өзі сізге қадам жасап, ыңғай білдіре бастайды. Тек сол сәтті қал жіберіп ала көрмеңіз.

Толығырақ.

0 дауыс
Қыз өзі жақсы көрсе өзі сізге келеді деп ойлаймын.Қызды өзіңе қарату деген қате пікір менің ойымша.Бір жағынан оның жігіті болса оны мазаламағаныңыз дұрыс.Жігіті бар,демек ол қыздың жүрегінде сізден басқа жан бар.Босқа дәмеленбеңіз.
...