0 дауыс
818 көрілді
Біз бала кезден бері Анамыздың басымның сақинасы ұстады деп жатып қалатын. Басын көтере алмай, запыраннан-запыран құсып, нәр татпайды. Сол сақинадан арыла алмай келеді. 30 жылдай болды. 2000 жылы қатты ауырып емханаға жатып өтін де алдырып тастады. Тас толып кетіпті. Өтімді алдырттым енді сақинам ұстамайтын шығар деп ойлап еді, алайда ол да болмады. Өтін алдыртқаннан кейін мүлдем тамақ ішуден қалды. Артық тамақ, майлы тамақ, татті, дегендерді аузына алмайтын болды. Осы сақинадан құтылудың қандай жолдары бар? Кеңестеріңізді берсеңіздер. Қандай медициналық, қандай халықтық емдер бар? Сіздерден жауап күтем. Рахмет!

2 жауап

0 дауыс
Көбіне адамдар шектен тыс мөлшерде ауруды басатын дәрілер пайдаланып, дәрілік-индукциялық бас ауруын тудырып жатады. Бұл олардың жағдайын одан бетер төмендетеді. Мұндай ауруды емдеу тіпті қиынға соғады. Сонымен қатар, ауруды басатын дәрілерді дұрыс таңдамау мен оны нұсқаулықсыз тұтыну ішкі мүшелердің бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін.
0 дауыс
Қан қысымының көтерілуі бас ауруын тудырады деген пікір бар, алайда, шынтуайтында себеп-салдарлық байланысы тұп-тура қарама-қарсы (гипертониялық кризді санамағанда). Бастың ауруы ағзаға түсетін стресс ретінде қан қысымының рефлекстік жоғарылауына әкеледі. Яғни, қан қысымының белгісі емес, себебі бола алады. Сондықтан, ең алдымен бас ауруды үйреншікті дәрі-дәрмекпен емдеу керек. Егер мұнымен қатар гипертониялық ауруға шалдықсаңыз, жиі гипотензивті терапия қабылдап жүріңіз. Төмен қан қысымы мен бас ауруының байланысы да күмәнді. Алайда, статистика бойынша, бас сақинасы ұстап ауыратын адамдарға біршама гипертония тән екені анықталған (қан қысымы 110Х70 немесе 100Х60). Бұл үрей тудырарлық жағдай емес, сондықтан бас ауруын үйреншікті жолмен емдей берсеңіз болады.
...