+1 дауыс
1.5k көрілді
Мектеп   бағдарламашысымын. Жаңадан  сайт құрастыруым қажет  еді. Осыған  көмек  беріп  жіберсеңіздер. Қалай құрастырады

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сайт ашқысы келетін адамдарды сайтты қалай ашу керек деген ойлар мазалайды.Сайтты өз қолыммен жазсам дұрыс па әлде дайын движоктар, яғни CMS ті пайдаланған дұрыс па деген ойлардың шешімін іздейді.

Мен бұл мақаламда қалай өз сайтыңды ашуға болады және оны қалай жасауға болатынына әділ кеңес беруге, яғни неден бастау керектігіне тоқталып өтемін.

Өз сайтыңды жасау үшін программист болудың қажеті де жоқ,бірақ оны жаcап шығару үшін біраз мағлұматтарды меңгеру керек. Мысалы, HTML деген не, CSS деген не, PHP деген не және деректер базасы Mysql деген не және тағысын тағыларды менің осы сайтымнан көрсетілген сілтемелер арқылы танысуыңызға болады.|

Мен жазған мақалаларымда әр тақырыпты барынша қарапайым да түсінікті тілмен, теория мен пратиканы қатар қоя отырып жазуға тырысамын.

Нәтижесінде сіздің біліміңіз молайып,біліктілігіңіз арта түседі.

Сайттың бірнеше түрі бар:сайт-визитка,ақпаратқа арналған сайт,жаңалықтар сайты,интернет-дүкен және т.б.

Сайт жасауға арналған әртүрлі CMS те бар,мысалы жұрт көп пайдаланатын wordpress,joomla сияқты.CMS(Content Management System)- дайын шаблондар арқылы тез сайт жасап алуға болатын программа туындысы.

Артықшылықтары:

1. Ол сайтты тез құрастыруға болатындығы.

2. Көп функционалдылығы.

3. Кажет кезде осы CMSке байланысты проблемаларды шешуге кеңес алуға болатын форумдарының көптігі.

Кемшіліктері:

1. Көп функционалды болғандықтан плагиндер көптігі сайттың жылдамдығын тежейді.

2. Кез-келген адам программа кодын көре алады және ол бәрінде бірдей болғандықтан сайтты бұзу хакер үшін оңайлайды.

3. Сайттары бір-бірінен айнымай қалғандығы.

4. Бәрібір сізге HTML, CSS терді үйренуге тура келеді.

Ал өзің жазған сайт ол сіздің алға қойған мақсатыңызға байланысты,яғни егер сіз үшін сайт ешкімде қайталанбайтын болсын десеңіз,тез жүктелетін болсын десеңіз және программа кодын ешкім көре алмайтін болсын десеңіз сізге сайтты өзіңіз жазуға тура келеді.

Бірақ сайтты өзіңіз жасау үшін тек ниет емес, сонымен қатар көп ізденіс пен үйренсем деген мақсатыңыз болуы керек, яғни оны жазу үшін біраз білім алуыңызға тура келеді, мысалы HTML, CSS, PHP, Mysql, Ajax пен Jquery т.б. туралы.

Олар туралы интернеттен көп мағлұмат алуға болады.

Бірақ оқып-білген бір жетістік әрине,бірақ сол оқып шыққан нәрселерді бір-бірімен ұштастыра отырып бір туынды-сайт жасап шығару көп еңбек пен тер төгуді талап етеді.Есесіне, сіздің біліктілігіңіз ұштала түседі, өте терең білімді және заманыңызға лайық маман болып шыға келесіз.

Өзіңіз жасап шығаратын сайттың дайын движокта жасалғаннан артықшылығы -ол алдында айтып кеткенімдей,

1. Оның функционалдығы тек сіздің қалауыңызбен шектеледі,сондықтан жеңіл болады,яғни тез жүктеледі,

2. Сіздің сайт ана дайын движок арқылы жасалып,бір-бірінен айнымай қалған сайтар сияқты емес ерекше, ешкімдікіне ұқсамайтын болады.

3. Сіздің сайт жазылған программа кодын өзіңізден басқа ешкім білмейді,яғни оны бұзу үшін хакерлерге ана дайын движок сайтымен салыстырғанда біраз шығындалуға тура келеді.

Бірақ мен олар сіздің сайт үшін соншама уақыт пен ақшаларын шығындамасына сенімдімін.Бола қалған өзінде олардан қорғанатын әдістер де жетерлік.

Сайт ашуды қалай және неден бастау керек

Біріншіден, сайт үшін не қажет,әрине хостинг.

Бірақ, әлі жасалмаған, пісіп-жетілмеген дүниені ол жерге қоя алмайсыз ғой.Яғни бізге сайтымызды орналастыратын хостингті уақытша алмастыратын программа керек.Себебі,хостинг яғни сервер-ол да программа туындысы.Оны уақытша сіздің компьютеріңізде алмастыратын туынды бар,ол-Денвер деп аталады.Оны оның мына өз сайтынан комьютеріңізге жүктеп ала аласыз.Ол тегін үлестіріледі.

Екіншіден сіз сайтыңызды жазатын HTML,PHP терге арналған редактор керек.

Әрине ол үшін Word та емес,Блокнот та емес, оған арнайы сондай туындылар жазуға бейімделген Notepad++ керек.Бұны да оның өз сайтынан жүктеп алыңыз,ол да тегін таратылады.

Үшіншіден, сайт ашу үшін сіздің түйсігіңіз бен білімге деген ынтаңыз қажет.

Программистер көбіне түйсігімен жұмыс жасайды, көп нәрсенің шешуіне сол түйсігі арқылы жетеді. Мен мысалы,сайт жазуға арналған мағлұматтың бәрін интернеттегі статьяларды оқу барысында түйсігімнің арқасында түсіне білдім. Себебі,интернетте мынаны былай істе,ал ананы олай істе деп ешкім айтпайды, сондықтан түйсікті жұмысқа жегу керек.

Төртіншіден, теория мен тәжірибе қатар жүруі керек.

Себебі,құр теория тәжірибесіз ұмытылып қалады, ал тәжірибе теориясыз соқырға таяқ ұстатқанмен бірдей болады.Сондықтан, мен тәжірибе жүзінде,яғни мынау былай жазылғанда программа былай жасайды деп оқытқанды дұрыс деп санаймын және осындай әдісті қолдану арқылы жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша ұсынылған HTML, CSS, PHP, MySQL, AJAX пен jQuery ге арналған сабақтарымды сіздерге ұсынсам деймін.


Сонымен бірге сайттың жұмыс істеу принципін де түсініп алу керек, ол браузермен қалай ұғынысады, серверге қалай хабарласады дегендей.

Әдеттте сайтты тек PHP арқылы да жазуға болады, бірақ ол кезде файлдар санына шектеу қойылады.Әрі тек қана PHP арқылы жазылған сайттың жылдамдығы жай болады,жай жүктеледі.

Сол себепті, сайт жазғанда PHP мен бірге СУБД(Деректер базасын басқаратын система)MySQL-ді қолданады.

Шаблондар PHP тілінде жазылады да, деректердің бәрі MySQL базасында сақталады.Оның сиымдылығы өте жоғары және сұраныстар(запрос) жылдамдығы өте тез, яғни сайттың жылдамдығы жоғары және жеңіл болады.

Осы өздеріңіз оқып отырған менің сайтым осы PHP мен MySQL арқылы жасалған.Мына сайт бетіндегі деректердің бәрі базада сақталады, ал PHP арқылы жазылған программалар мен шаблондар осы деректерді берілген сұраныс арқылы сайт яғни парақ бетіне жүктейді.

Негізі, PHP де және MySQL де үйренуге жеңіл программа туындылары, ең бастысы олардың жұмыс істеу принциптерін түсіну керек, сосын әрі қарай жеңіл болады.Оларды мен мақаламның бас жағында көрсеткен сілтемелерім арқылы оқып біле аласыздар.

Сайтыңызды уақытша хостингтің баламасы ретінде компьютеріңізге орнатқан Денвер арқылы жасап бітірген соң оны FileZilla ның көмегімен хостингке құю керек. (FileZilla-ны оның өз сайтынан жүктеп ала аласыз). Бірақ, осымен іс бітті деп ойламаңыз.Себебі, сізге өз туындыңызды оқитын оқырмандар табуыңыз керек.

Енді сіздің іздеу сайттары Яндекс пен Гуглдың жоғарғы тобына шығу үшін күресіңіз басталады.Өмірдің өзі күрес дегенді енді терең түсінетін боласыз.Біраз сіз ол қиындықты да жеңесіз, ол үшін менің SEO баптаудеген мақаламды оқып ұғынып және ол тәсілдерді іс жүзінде пайдалансаңыз болғаны.

Қосымша сайтым туралы жалпылама мақаламды шолып шығуыңызға болады.


http://asuasu.kz/saitty-qalai-jasaugha-bolady-daiyn-CMSpen-alde-oz-qolyngmen-jasau

...