0 дауыс
256k көрілді

Адамзатқа ғаламтордың пайдасы 

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. 

Ғаламтордың денсаулыққа зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес. 

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. 

Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз. 

3 жауап

+1 дауыс

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.

0 дауыс
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін."
0 дауыс

Эссе 

Ғаламтор жəне мен

...