+1 дауыс
484 көрілді
Төрт ай істеп декретке шықтым , енді маған толық қанша ақша түседі , айлығым 43000 тг . толық түсема , əдле аз.

1 жауап

0 дауыс

Декреттік төлемақы мөлшері орташа айлық кіріс көлеміне байланысты. Кірістің орташа айлық мөлшері соңғы күнтізбелік он екі айда әлеуметтік төлемдер жүргізілген (осы мерзім ішінде әлеуметтік төлемдерде үзілістер болғанына қарамастан) кіріс мөлшерін он екі санына бөлу арқылы анықталады. Мысалы, сізге есептелген жалақы 100 мың теңге болды делік. Оның 10 пайызы, яғни 10 мың теңгесі зейнетақы шотыңызға аударылады, 5 пайызы әлеуметтік төлемдерге ұсталады. Қолыңызға таза тиетіні — 85 000 теңге. Сіздің қолыңызға соңғы он екі айда дәл 85 000 теңгеден тиіп отырды делік (Бұл сома әр айда әр түрлі болуы мүмкін). Ай сайын тиетін осындай соманы 12-ге көбейтіп, қайтадан 12-ге бөлесіз. Біздің мысалда бұл 85 мың теңге болып шығады. Яғни, бұл — сіздің орташа айлық жалақыңыз.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлумен анықталады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінен 126 күнге берілетінін ескерсек, осы санды 30-ға бөлгенде, 4,2 коэффициенті шығады.

Жүктілік пен бала тууға байланысты төленетін төлемақы еңбекке жарамсыздық күндерінің санына сәйкес коэффициентті кірістің орташа айлық мөлшеріне көбейту арқылы есептеледі. Яғни, сіз жоғарыдағы орташа айлық жалақы мөлшерін (біздің мысалда бұл — 85 мың теңге) 4,2-ге көбейтсеңіз, 357 000 теңге болады. Оның 10 пайызы (35700 теңге) зейнетақы шотыңызға аударылады. Қалған 321300 теңге — сіздің жүктілік және бала туғаныңыз үшін алатын (декреттік) төлемақыңыз.

Егер сіз балаңыз бір жасқа толғанша алатын ай сайынғы төлемақы мөлшерін білгіңіз келсе, ол орташа айлық жалақыңыздың (85 000 теңге) 40 пайызын құрайды: 85 000 Х 40 % = 34000 теңге. Осы соманың 10 пайызы (3400 теңге) зейнетақы шотыңызға аударылады. Сонда сіздің ай сайынғы алатын жәрдемақыңыз 30 600 теңге болмақ.

Бала туған соң төленетін бір реттік жәрдемақы мөлшері (жұмыс істейтін және істемейтін әйелдерге бірдей төленеді): 1-ші-3-ші бала туған әйелдерге: 30 АЕК (51930 теңге), 4-ші және одан көп бала туғандарға — 50 АЕК (86550 теңге).

Ал жұмыс істемейтін әйелдерге бала бір жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері: 1-ші бала үшін — 5,5 АЕК (9520,5 теңге); 2-ші бала үшін — 6,5 АЕК (11251,5 теңге); 3-ші бала үшін — 7,5 АЕК (12982,5 теңге); 4-ші және одан көп бала үшін — 8,5 АЕК (14713,5 теңге).


Толығырақ.

...