0 дауыс
2.5k көрілді

«Уақытша тіркеу» мәселесі шыққалы бері Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаппай қарбаластық басталғаны белгілі. Тіпті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кісі өлімі де тіркелді.

image

Енді тіркелу үшін ХҚКО-да кезекке тұрудың азабы аяқталады. Себебі азаматтар уақытша тіркеуге электрондық үкімет арқылы тұра алады. Бұндай қуанышты жаңалықты Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

"Достар, министрлік айтқан мерзімнен екі апта бұрын «электрондық үкімет» веб-порталында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі пилоттық режимде іске қосылды. Әзірше тестілік жұмыстар жүріп жатқандықтан, тіркеу қызметінде кейбір кідірістер болуы мүмкін. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Осы аптаның соңына дейін аталған қызметке мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Уақытша тіркеуге тұру нұсқаулық

Тіркеу жөніндегі нұсқаулықты төмендегі сілтемеден көруге болады:

http://egov.kz/cms/ru/information/help/instrukcii -деп жазды министр әлеуметтік желіде.

1 жауап

0 дауыс
Онша қуанарлық жаңалық емес, электронды үкімет арқылы тіркелу үшін әрбір адамда ЭЦҚ (Электронды цифрлы қолтаңба) болуы керек, оны алу үшін жеке компьютерің болуы керек (және арнайы бағдарламалар), оны активизациялау үшін бәрібір ЦОН-ға барып жасалу керек, аяқтай барып тіркелгеннен қиын болмаса оңай емес (сосын ЭЦҚ тек қана бір жылға беріледі және ол қолтаңбаны компьютерге орнатудың өзі де қиын шаруа, екі-үш бағдарлама керек Жава, Н.Клайнер, Браузерге орнадың өзі қиын, жиі қолданып жүргендер болмаса кез-келген адамға қиын соғады),
...