+3 дауыс
360 көрілді
Алдағы уақытта қандай қызықтары бар?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Құрметті сайт қолданушылары. Алдымен алдағы келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтағым келеді. Біз де пенде болғандықтан алдағы уақытта біршама демалып алуды жөн көрдім.  Құдай қаласа келесі айдан бастап мен де толық жаңа жылдық леппен кірісіп тамаша мүмкіншіліктер қосып, сайттың блогын жүргізуді қолға аламын. Қанша дегенмен біздің мейрам емес деп қанша айқайлақтасақ та үлкен кісіден бастап, кішкене балаға дейін асыға күтетін Жаңа жылда біз де босаңсып демалыс күйін кешіп жүрген жайымыз бар. Оған сіздер қапа болмайсыздар деген үміттемін. Алдағы уақытта келесі айдан бастап қолға аламын, оған уәде беремін. Әзірге сайттың тыныс-тіршілігімен танысып, сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қойып өзімді бос ұстап отқан жайым бар. Осы бір-екі күннің ішінде келесі жылға жоспар құрып сайтқа енгізетін өзгертулерді қатарымен жоспарлап түзетін боламын. Алдағы бір екі күн дей алмаймын, келесі айдың 5-10-дарына қарсы жоспарыммен таныстыратын боламын.  (y)

Құрметпен сайт админі Серікбай Ербол!
Блог жайлы толығырақ жазып кетсеңіз??
Өзім бір жаңалық ашып жатқан жоқпын. Бірақ блогтың тақырыбы мынаған ұқсас болады. http://vorum.ru/blog
Рахмет Админ ағай жаңа жылыңызбен!
+3 дауыс
Бұл сұраққа тікелей Админ мырза жауап берсе!!!
...