+3 дауыс
1.1k көрілді
Қазақтың тағына кім отырғанын қалайсыздар? Өз ойларыңмен. Ел-сыншы. Кімді келесі көшбасшы ретінде лайық санайсыздар?

10 жауап

+4 дауыс

Құрметті сайт қолданушылары! Сайтты оппозицияның ордасына айналдырмасаңыздар жөн болар еді. Келесі президент кім болса да, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сіздің қойып тұрған сұрағыңыз, болжамға негізделген. Сұрақты нақты, тиянақты етіп қойсаңыздар. Сіздердің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын сұрақ болса, жауап та нақты болар еді. Мені түсініп қарайсыздар ойлаймын. Артық кетсем кешірерсіздер.

Әрине біздің айтқанымыз бола қоймайды, ойын білейін деген мақсатпен ашқан тақырып ғой.
Бәрі дұрыс,админ!Кез келген сайтта бұл тақырып жетіп артылады.
Бұл ескерту өте орынды деп түсінемін.
Админ мырза сіз неге олай дейсіз, әркімнің өз ойын айтқанда тұрған не бар? Бәрібір біздің айтқанымыз болып жатқан жоққой. Бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ дегенғой
Әркімнің өз ойы бар! Рас нәрсені несін жасырамыз!!!
Белгісіз
+7 дауыс
Лайықтылар қуғын-сүргінде жүр, абақтыда отыр. Елді басқару үшін ақша мен биліктің болуы міндетті емес. Ұлттық рух пен адалдық болса жетіп жатыр. Өкініштісі, қазіргідей заманда билікке ондай адамдар келмейді. Келтірмейді ондай адамдарды.
+4 дауыс
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
Сосын бәріміз үйсіз қалып жүрмейік, далада қаңғып... Естеріңізде болар, осы кісі әкім болған жылдары Алматы облысындағы бір ауданда тұрғындардың үй салған жерлерін тартып алып еді ғой....
Әрине, документтері жоқ болса сенің үйіңді де тартып алады. Әлде "гастарбайтерлердің" жерді тегін иемденіп алғанын қалайсың ба?
+3 дауыс
Келесі президент нұрсылтан назарбаев немесе оның сенімді адамдарының бірі болғанын қалаймын мыс: И.Тасмағанбетов, Б.Сапарбаев тәрізді адамдар
+5 дауыс
Кім болса да,Қазақстанды алға қарай өрлететін,білімді,білікті адам болсыншы. Әйтпесе коррупция мен заңсыздық  басып кетті (
Қазақтың тағына - еліне, жеріне, халқына қызмет етем деген, дүния  мен мансап аңсамаған, қара домалақ қазақ көшбасшысы келсе екен... Байлықтан тәтті бір ғана нәрсе бар, ол билік. Соның дәмін татқанмен, ауруына ұшырамаған жас өркен, ұрты дәм айырар көшбасшы - елімізбен тағдырлас болса екен...
Мұның бәрі арман ғой. Таққа отырған соң дүниеге көзі қызарып барлығыда өзгеріп шыға келеді. Қазір экономикамыздың алға дамып жатқанының бір себебі, Назекең алатынын алып, 7 ұрпағының барлығында қамтамасыз етіп болды ғой. Содан артылғаны енді елге тиіп жатыр
Ардак     Сен айтып отырған адам тек ертегіде ғана өмір сүреді, бар болған жағдайда да президент болуы екіталай.
Көкірегі ашық адамның жауабы осындай ақ болар.
–2 дауыс
Меніңше-Өмірзақ Шөкеев...Шымкентті 2-жылда гүлдендіріп кетіп еді.
+6 дауыс
Ңағыз Қазақ отса деп тілеймін!!!!!!!!! Қазақ үшін тірлік жасайтын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
–2 дауыс
Салем! Ал мен Қазақстанның болашақ президенті Жармахан Тұяқбаевтың болғанын қалар едім
–1 дауыс
Болат Әбілев болғанын қалаймын!
–1 дауыс
Қазiргi оппазициялық топ өкiлдерiнiң iшiнде ел басқаруға лайық адам бар деп айта алмаймын. Маған көбiсi тек билiкке таласып жүргендер сияқты көрiнедi.Халыққа шын жаны ашитын адам болса, билiкке жетiп халық игiлiгi үшiн рақымшылық жасағысы келетiн адам болса, халықты дүрбелеңге салмай ақ бар белсендiлiгiн мемлекеттiң өркендеуiне жұмсап, адал еңбегiмен, тәжiрибесiмен көтерiлiп, сосын сайлауға түсуге болады.Билiктi жеңiп, президент тұғырына отырамын деп ойлап жұмыстанып жүргендер-саяси сауаты аз адамдар.Басқарушы ақ жүректi, адал адам болса да саяси сауаты аз болса мемлекет тығырыққа тiрелер едi.Өз халқының мәселелерiн шешiп отырумен қатар халықаралық мәселелерге де араласып отыру үшiн, "азаматтық соғыс" пен "соғыстың" алдын алу үшiн ұтқыр саясаткер болуы керек.Соншама мемлекеттiк жүйе мен оның көптеген функцияларын меңгеру үшiн мемлекеттiк қызметте бiршама қызмет атқаруы мiндеттi деп ойлаймын.Болашақта ел басқаруға лайықты адам-бұрынғы "Ақжол ДП" төрағасы болған, қазiр мемлекеттiк қызметте жүрген Алихан БӘЙМЕНОВ деп ойлаймын.
(Мен қазiргi билiктi қолдап сөйлеп отырған жоқпын.)
...