Сайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!
8 ұнайтын 1 ұнамады
626 қаралды
Жаңа қолданушы Әлеуметтік тақырыптар сұрақ қойды
2012  жылы Президент сайлауы өтеді. 20  жыл басқарған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  әлемге Қазақ деген ел бар екендігін толық көрсете алды. "Мен жастарға сенемін" деген атамыздың сенімін жастар ақтады ма немесе келесі Президент  кім?
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақтың жауап беру уақыты өткен.

12 жауап

3 ұнайтын 1 ұнамады
Оқушы жауап берді
Козлов! десең иә... Қалжың әрине. Келесі президент қазір Назарбаевтің тәрбиесінде саясаттану мен мемлекетті басқару сабағынан дәріс алып жатыр деп топшылаймын...
Жаңа қолданушы пікір қосты
"Бәрі де сен ойлағандай болса ғой..."
5 ұнайтын 0 ұнамайтын
Студент жауап берді

сол Назарбаев қайтадан болады ау дейм.

III БӨЛIМ
ПРЕЗИДЕНТ

Қазақстан Республикасының Конституциясы
1995 жылғы 30 тамыз
(2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

42-бап

5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.

 "Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды."

дегенге караганда..

Жаңа қолданушы пікір қосты
Соңғы әрі, нақты жауап қандай болар екен.....
Студент пікір қосты
"миллион кімге бұйырады?" телеойыны сияқты, соңғы әрі нақты жауап дегеніңіз қызық екен.. ))
Жаңа қолданушы пікір қосты
нақты ештеңе айтпай, бұрмалап, тұманға итеруге бейімсің.
Студент пікір қосты
нақты не айта аламын? сол Назарбаев болады ау дедім ғой.
бір Алла ғана біледі кім болатынын..
3 ұнайтын 1 ұнамады
жауап берді
2020 әрі қарай, 2040, әрі қарай...жастық эликсирін тауып, 3040 қа дейін, осы кісі  Ел басқару ісін, басқа қазақтарға ауыртпалық етпей өзі-ақ атқара беретін болады
Жаңа қолданушы пікір қосты
@rizazhan  мықты қалжыңдайды екенсің,  Таңқалғаным сондай ішімді ұстап, күлкім келмей қойды...)))))))))))))))
Оқушы пікір қосты
Менің де күлкім кедмейді,бір қазақ патша болып еді бәрі „батыр „болып кетіпті ,кезінде СССРге желтоқсаншылардан басқалар қарсы сөйлемек тұр ғой  ол жаққа қарап есіней алмайтын.
Жаңа қолданушы пікір қосты
Сонда сен, уақытпен бірге көзқарастыңда өзгеретіндігін жоққа шығарып отырсың ба, әлде "кезінде" деп кезіндегідей жүре беру керек пе?
3 ұнайтын 0 ұнамайтын
Оқушы жауап берді
миллионға жуық командасы бар Нұротаннан екі жүз мың дауыс жинап референдум қабылдап 2020 дейін президент сайлауын ұмытамыз. Сосын көре жатамыз. Әрине тірі болсақ!
Жаңа қолданушы пікір қосты
Әбіш ағамыздың "...бағалай алмағанға бақ қонбайды, бағына алмаған қауымға басшы түтпейді..." деген шығармалары еске түсіп отырғаны...
3 ұнайтын 0 ұнамайтын
Жаңа қолданушы жауап берді

Әйтеуір қазақтың президент болуы екіталай ғой, себебі Президент билік басына өзінің адамын қалдырып кетеді.

Жаңа қолданушы пікір қосты
Президент өзінің адамын.... Қазақ болуы екіталай....
Сонда біздің президенттің өз адамы қазақ емеспа?
Оқушы пікір қосты
мынауыңыз үшбұрыштылау боп кетті ғой..
Жаңа қолданушы пікір қосты
жақсы жауап дегенді басқым ақ келген... себеп жоқ  :(((((
2 ұнайтын 0 ұнамайтын
Жаңа қолданушы жауап берді

41-бап

2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.

2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

 

Осыған қараса Қазақ болады деп ойлаймын...

4 ұнайтын 0 ұнамайтын
Оқушы жауап берді
Менің назарбаев бізге жамандық корсеткен жоққой! Қанша мемлекеттер қырылып соғысып қаншама адамдар аштан аш жалаң аяқ далада қаңғып жүр! біз оның қасында койлегіміз кок қарынымыз ток еш уайм жоқ! Назарбев бізге барынша істеп жатыр ғой? ол кісі жайлы мұндай соз қолданбай ақ қою керек! кедей бай болсам дейд бай құдай болсам дейд деген мақалды айтайын. Ауызымызда арандай ашпай ел басының саясатына бас игеніміз дұрыс! Біреу тойып секіреді біреу тоңып секіреі! ал енді ойланып корің дер!
2 ұнайтын 0 ұнамайтын
жауап берді
Осы қмірімізде басқа президент көрмей кететін шығармыз...
Жаңа қолданушы пікір қосты
Өмірің алда ғой Біржан, басың жас... Басқа президентті көрерсің, тіпті осы президентті аңсайтын боласың әлі ақ.)
пікір қосты
Дұрыс жаздың!
3 ұнайтын 0 ұнамайтын
Оқытушы жауап берді
НӘН қайта сайланды. Қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Сайлауда "карусель" әдісі қолданылмаса да, Назарбаев бәрібір көп дауыс жинайтын еді. Себебі, қарсыластарының халық арасында ешқандай салмағы жоқ қой.
2 ұнайтын 0 ұнамайтын
жауап берді

Келешекте Тасмағанбетов өз кантидатурасын қоятын болса, соған өз даусымды берер едім...

Өз жұмысын жақсы жасайтын адамға ұқсайды..

Ұқсас сұрақтар

4 ұнайтын 1 ұнамады
10 жауап
1 like 2 ұнамайтын
3 жауап
Онлайн Чат

116k сұрақ

292k жауап

153k пікір

58.9k қолданушы

...