Жер телімінің санатын қалай ауыстыра аламын?

0 дауыс
1.2k қаралым
Менің ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға берілген жеке меншік жер телімін 2010 жалы сатып алдым .Жер телімі аумағы 5 ГА. Мекен жайы Талғар ауданы Алматы обылысы. Мен осы жердің санатын, басында баубақшалық санатына өзгертпек болғам. Бірақ жергілікті үкімет органдары, аталмыш телім ауыл аймағына кіріп кетті, сондықтан жер телімі санатын тек Жекеменшік Үй Құрылысы санатына өзгертуге ғана болады деген хат берді. Енді ЖҮҚ (ИЖС) өткізу үшін жердің кадастырлық бағасын қайта есептеп шығарып, соңғы, яғни қазіргі баға бойынша қайта сатып алуың керек дейді. Сонда мен жекеменшігімдегі жерді екінші рет сатып алуым керек пе? КР Жер кодексінің 105 бабы бойынша ЖҮҚ санатына өткізу кезінде, ауыл шаруашылық шығындарының орынын толтыру қажет емес делінген. Жергілікті билік орындары қандай да бір нақты жауап беруден қашқатайды. Сұрағыма кімнен немесе қандай қоғамдық құқық қорғау органдардан кеңес-жауап алуға болады.
Жер туралы

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы