0 дауыс
542 көрілді
Мен сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді. Тұрмыстағы əйелмін, 1 ұлым бар. Күйеуіммен 6 ай жүріп үйлендік. Өз бизнесі бар, ақша ол жұмысқа бармаса да түсіп тұрады, бірақ маған 1 тиынын да қимайды. Маған жалпы оның ақшасының керегі де жоқ, тек қазір анам ауырып жүр, соған көмектескім келеді, ал ол мұнымды тыңдағысы да келмейді. Өзім жұмыс жасайын десем балам əлі кішкентай, ешкімге тастап кете алмаймын.Өзімнің, ата-анамның ол үшін еш қадірі болмағанына күйінемін. Өзім ата-анамның жалғыз қызымын, оларға көмектесер менен басқа ешкімдері жоқ, жағдайларын көре тұра қолымнан ешнəрсе келмегесін, жүрегім ауырады, ал күйеуіме бəрі-бір. Үйленбей тұрып берген уəделері мүлдем басқаша еді. Онымен мүлде тұрғым келмейді, адам ретінде де барлық қасиеттері ұнамайды. Ажырасайын десем, баламды əкесіз өсіргім келмейді. Қандай кеңес айтасыздар?

2 жауап

0 дауыс
Ажырасуға ешқандай себеп жоқ сияқты. Күйеуіңізбен жақсылап сөйлесіп көріңіз.
0 дауыс
Жалпы, ойбай ісің қиын таста да қаш демес ем. Алайда, біздің қоғамда белгілі бір философиялық себептермен әйелдер не себепті өз құқықтарын аяққа таптатуы тиіс?, - деген сұрақ маза бермейді осы маған. Жалпы отау көтеріп, үй болып, отбасы болғаннан кейін қиыншылықсыз болмайды. Сенің ақшаң, мен ақша тауып жатырмын деген сөздер қаншама отбасының (тек Қазақстанда емес) шаңырағын шайқалтты. Айтар кеңесім (тыңдауға міндетті емессіз): сөйлесіңіз. Сіздің анаңыз, сіздің өміріңіз! Өмірді сыйламауға болады, бірақ, сол өмірді сыйлағанды сыйламауға болмайды. Күйеуіңіз сіздің анаңызды құрметтемесе, демек сіздің ол кісінің алдындағы құныңыз көк тиын.
...