Мен сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді. Тұрмыстағы əйелмін, 1 ұлым бар. Күйеуіммен 6 ай жүріп үйлендік. Өз бизнесі бар, ақша ол жұмысқа бармаса да түсіп тұрады, бірақ маған 1 тиынын да қимайды. Маған жалпы оның ақшасының керегі де жоқ, тек қазір анам ауырып жүр, соған көмектескім келеді, ал ол мұнымды тыңдағысы да келмейді. Өзім жұмыс жасайын десем балам əлі кішкентай, ешкімге тастап кете алмаймын.Өзімнің, ата-анамның ол үшін еш қадірі болмағанына күйінемін. Өзім ата-анамның жалғыз қызымын, оларға көмектесер менен басқа ешкімдері жоқ, жағдайларын көре тұра қолымнан ешнəрсе келмегесін, жүрегім ауырады, ал күйеуіме бəрі-бір. Үйленбей тұрып берген уəделері мүлдем басқаша еді. Онымен мүлде тұрғым келмейді, адам ретінде де барлық қасиеттері ұнамайды. Ажырасайын десем, баламды əкесіз өсіргім келмейді. Қандай кеңес айтасыздар?