— линза дұрыс таңдалған әрі тазалықпен киілген болса, оның көзіңде бар-жоғы тіпті білінбейді!
— күн салқында көзілдірік буланып әбден мазаңды алады, шақырайған күн сәулесі болса көз жанарын «сорып» тастайды, ал линза тақсаң күннен қорғайтын көзілдірікті киіп ал да жүре бер!
— жаңбыр жауса да, қар жауса да линзамен еш ыңғайсыздық туындамайды!
— спортпен айналысқанда линза өте ыңғайлы, ал көзілдірікті шешіп қоюға тура келер еді.
— ұзақ уақыт кигенде көзілдіріктің іздері бәрі-бір байқалып тұрады, ал линзада ондай жоқ)
— қазіргі уақытта линзаның ұзақ уақыт тағуға болатын (ұйықтағанда шешіп қоюды қажет етпейтін) нағыз «жалқауларға» арналған түрлері де бар)
— түрлі түсті линзаны тағу арқылы көз түсін де өзгерту қолыңызда!