+1 дауыс
Жаңа жылға арналған ойындар

Бәрін еске алу

Билеп болып, үстел басына отырғаннан кейін қонақтар мына байқауға қатысады. Жүргізуші жаңа жылға байланысты барлық заттарды еске түсіруді ұсынады. Қонақтар кезекпен шырша, Аяз ата және т.б. туралы айтады. Кім соңғы болып айтса, сол жеңеді.

*

Мандаринмен эстафета

Қонақтар екі тапқа бөлінеді. Залдың соңына ішінде мандариндер бар екі табақ қойылады. Әр қатысушының міндеті - табаққа дейін жетіп, ас қасыққа мандарин салып, оны тобына дейін алып келу. Алып келген соң қасықты келесі қатысушыға береді. Мандариндердің барлығын қай топ бірінші болып алып келсе, сол топ жеңеді.

*

Барлығы керісінше

Жүргізуші жауап беруге жеңіл сұрақтар қояды. Қонақтардың міндеті - қате жауап беру. Ойын жылдам жүргізіледі. Қонақтардың ойлануға уақыты болмауы керек. Нәтижесінде көбісі дұрыс жауап беріп, ойыннан шығып қалады.
30.12.2016 29.0k қаралым

1 жауап

0 дауыс
басқа ойын жоқпа?
08.12.2018
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы