0 дауыс
9.5k көрілді
Біреулер тұзбен ауызды шаю керек деп жатады. Соның дайындау тəртібі қандай.Мысалы стакан жылы суға тұз қосу.Бір стаканға қанша мөлшерде тұз қосады жəне оны қайта қайта шаю зиянба

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі:

·Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек.

·Баспаныжазу үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп,тамақты шаю керек.

·Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады.

·Тіс ауырған кезде алдымен тісті тазалап алу керек. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы шумен шаю керек.

·Тіс ауырған кезде үккіштен пиязбен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.

·Мұрын қабынуға және гайморитке қарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.

·Бастың тазына: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.

·Дене теміреткесіне: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.

·Тіс қақсағанға: 1-2 гр таза тұзға аз мөлшерде меруерт талқанын қосып, оны сірке суға араластырып ауызды шайқау керек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістің үгітілуіне де пайдалы.

·Маса шаққанға: аз мөлшердегі тұзды өсімдік майына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, мазалаған аурудан тез айығады.

·Шаян, көзілдірікті жылан шаққанда да осы емді қолданса уытын қайтарады.

·Ісіктіқайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол ісікті жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады.

·Соқыр ішек болғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді.

·Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Ол үшін кішкене 1 қапшық тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады да мақта-матасынан дорба тігіп, соған салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам құлан-таза айығып кетеді.

·Тырнаққатпарланып жиі сына берсе, қолды тұзды суға аптасына рет салып отыру керек. Сонда тырнақ қатаяды.

·Синусит— бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған созылмалы ауруы. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорып немесе бумен дем алу керек.

·Азғана тұз қосылған жылы сумен көзді жуса, қабақ пен көздің ісігі кетіп, жанары жалтырайды.

·Аяқтағысызаттардантұзды ванна қабылдау арқылы арылуға болады. Сондай-ақ, тұзды ванна шаршағанда, әлсіз сезінгенде жақсы көмектеседі.

·Беттіқара нүктелерден тазарту үшін шай қасық ас содасы, шай қасық тұз, креммен қоспа дайындап, бетті ысқылап жуу керек.

·Майда тұзды аяқ табанын жұмсартуға қолданса болады. Легенді суға толтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспаға аяқты батыру керек. Жібіген аяқтың табандарын бірнеше минут тұзбен ысқылау керек. Аяқты таза сумен жуып, орамалмен сүрткен жөн. Дауадан кейін аяққа крем жағу керек.

·Екінші иекпайда болудың алдын алу үшін немесе оны кетіру үшін күнделікті мынадай әрекеттерді жасау керек: 3-5 минуттай тұз қосылған суға малынған орамалмен (1 стақан суға 1 шай қасық тұз) иек пен мойынды ұрғылау керек.

Сонымен, ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз – қырық аурудың емі. Жинақталған емдердің көбі тұздың зарарсыздандырғыш қасиетін білдіреді.



...