0 дауыс
17.4k көрілді

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақ сақалды, таяқты,
Қалың қырау қабақты
Аяз ата біздерге
Базарлығын таратты.

Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен.
Ән саламыз шыршаға.

Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.

Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.
Қандай сыйлық бар екен
Арқалаған қабында?

Сақалының ұзын – ай!
Саудыраған мұзын – ай!
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы – ай!

Аппақ қыстың бораны,
Аппақ қыстың бояуы.
Ақ көрпеге орайды,
Ақ қыс байтақ даланы.


Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.

Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

Аппақ екен сақалы,
Аппақ екен мұрты да.
Аппақ екен шапаны,
Аппақ екен таяғы.

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Қош келдіңіз, Аяз ата,
Қарсы аламыз орын беріп,
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.

Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
О, алақай, Аяз атай,
Келе жатыр алыстан!


Дала аппақ, жапалақтап,
Қар жауып тұр тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

Тауыңа қара,
Бауыңа қара.
Бәрі де аппақ,
Бәрі де жаңа.
Жаңа жыл бүгін!
Жаңа жыл бүгін!

Ақ көбелектер
Ұшады көкте.
Қалықтап келіп,
Қонады бетке.
Жаңа жыл бүгін!
Жаңа жыл бүгін!

Жаңа жылда келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Сыйлықтарын төгеді.

Той. Мереке. Салтанат.
Думанды шартарап.
Келді міне жаңа жыл,
Жаңалығын арқалап.



Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата - әже, әке – шеше,
Құтты болсын жаңа жыл!

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Әлде қарлы, боранда,
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды,
Ақ тоң киіп үстіне.

Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.

Жаңа жылға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Сыйлықтар алдық.
+2 дауыс
[Міне][1] ертеңге екен жаттау қиындау болар


  [1]: https://surak.baribar.kz/53220/
...