0 дауыс
14.8k көрілді
![description][1]

Өлең ішінде міндетті түрде "70 жас" сөзі қатысқан, жүйелі, әдемі тілек тауып-не шығарып берсеңіздер, Достар. Алла риза болсын, алғысым!


  [1]:

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Асулардан асуға өрлегенде,
 Кез болды қиналған да, терлеген де.
 Мерекелі мерейтой құтты болсын,
 Жетпіске келген де бар, келмеген де!
 Үлгі болды әрқашан көпке ісіңіз,
 Болашақта баянды бақ құшыңыз.
 Шын ниетпен тілейміз – құтты болсын,
 Желбегей шекпен киген жетпісіңіз!


PS: Интернеттен көшіріп алдым @
~ Рахмет, Ержан.
+1 дауыс
[мына жерден байқап көріңізші][2]

  [2]: http://www.kuttybolsyn.kz/tu1171an-k1199nge-tilekter/1178artty1179/
Рахмет, Ерғали... шын жүректен!
+1 дауыс
<span style="background-color: #ffff00">*Тағдырдың мойымастан тепкісіне,
Жасаған жақсылығын тек кісіге.
Табиғи жастық қалпын өзгертпеген,
Тәйірі, оған мынау жетпісің не?*</span>

<span style="background-color: #ffff00">*Көріпті ол сыннан нелер тыс қап,
Кешегі кезде де сол қатал-қыспақ.
Жауыздарға соққысын берген талай,
Автомат пен қайласын қатар ұстап.*</span>

<span style="background-color: #ffff00">*Өз жолын әрқашанда анық басқан,
Елі үшін еңбек еткен жалықпастан.
Білеміз жүрегінде оның берік,
ізгілік қасиеттер қалыптасқан.*</span>

<span style="background-color: #ffff00">*Өткен күндер десек те бұлар елес
Алдыңызда шығар көп тұр қыр-белес.
Жаны - жаз, көңілі - көктем сіздей жанның,
өмірде қартаюы мүмкін емес!*</span>

*Мұны мен үйді ақтара жүріп тауып алдым, Әкеміздің үлкен ағасы журналист еді, атамызға (атамыз соғысқа қатысқан кісі еді) арнап өзі шығарса керек...*
Архивте сақталатын керемет арнау.  Рахмет, Көркем ханым. )
0 дауыс
www.kuttybolsyh.kz сайтынан қарап көріңізші
Жанардана, Рахмет.
...