Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік-адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет,музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.