Қыздық пердені басқа қалай білуге болады?

+2 дауыс
26.7k қаралым
Бірінші неке түнінде көп қыздарда қан шықпайды екен. Сондай жағдайда пәк екеніңе күмәнданған жағдайда басқа қалай дәлелдеуге болады? УЗИ дан көруге болады деп естіп едім қаншалықты рас? Гинеколог бір қосылғаннан кейін анықтап бере алады ма?
• Санаты: Махаббат
Қыздық перде өзінен өзі түспейді. Қыздық перде дегенге түсінік беріп кетейік. Қыздық перде – бұл тесігі бар шырышты қабыршықтардан құрылған қатпар, ол қынапқа кіру жолында, яғни қыздың ішкі және сыртқы жыныстық мүшесінің арасында тұрады. Әр әйелдің қыздық пердесі өзінше болып келеді, оның өлшемі, түрі, пішіні, қалындығы, қан тамырлары және жүйкемен қамтамасыз етуінің өзінде ерекшеліктер бар. Сондықтан дефлорация (үзілу) әр қызда әр түрлі болады.

Тіпті, қыздық перде болмауының туа біткен кездерде (басқаша атағанда аплазия) бар немесе қыздық перде дамымай қалуы да мүмкін, оны гинекологиялық зерттеуде ғана анықтап білуге болады.

Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.

Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздық перде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.

Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін. Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.

Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс.

3 жауап

+2 дауыс
Ол отирик нарсе кыздыкта кан шыгады кейбир адамарда шыкпайды организмне байлансты  кыздыкты алар алдында ол точка тесик тесик кабаттан турады ишки жане сырткы кыздыктын алынганын егер кыз ещтене туснбей жатса лаззат алмаса киналса каламаса сонда ол кыз болганы кыздын кыздыгын алу онай емес еки есе куш кажет етеди шама келсе алганнан кейн жауапты адам болсаныз алыныз кейн тастап кетпейтиндей кунага каласыз кыздын коз жасына обал болады!
+1 дауыс
Салеметсыздерме быр отыныш жауап бересыздерм,егерде ер баламен Кыз баласы киымын шешып 18+стемесе Ол кызба алде кыздыгынан айырылып калган болып саналадыма
0 дауыс
Қыз пәктігі мен алғашқы жыныстық қатынас жөнінде нені білу қажет?

https://baribar.kz/99347/qyz-paktigi-men-alghashqy-zhynystyq-qatynas-zhoeninde-neni-bilu-qazhet/

Алғашқы жыныстық қатынас, қыздық перде мен аплазия жөнінде нені білу керек?

Тағы да басқа сұрақтарға мына сұрақта жауап берілген.

https://surak.baribar.kz/223578/

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы