+2 дауыс
527k көрілді

Қызықтан айырылғаннан кейін егер ешкіммен болмасаң бірнеше жылдан кейін қызық перне өз орнына келе ме?

Қыз пәктігі мен алғашқы жыныстық қатынас жөнінде нені білу қажет?Алғашқы жыныстық қатынас, қыздық перде мен аплазия жөнінде нені білу керек? Маманның кеңесін сілтеме бойынша өтіп оқыңыз!

Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ жабылды.

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыздық перде өзінен өзі түспейді. Қыздық перде дегенге түсінік беріп кетейік. Қыздық перде – бұл тесігі бар шырышты қабыршықтардан құрылған қатпар, ол қынапқа кіру жолында, яғни қыздың ішкі және сыртқы жыныстық мүшесінің арасында тұрады. Әр әйелдің қыздық пердесі өзінше болып келеді, оның өлшемі, түрі, пішіні, қалындығы, қан тамырлары және жүйкемен қамтамасыз етуінің өзінде ерекшеліктер бар. Сондықтан дефлорация (үзілу) әр қызда әр түрлі болады.

Тіпті, қыздық перде болмауының туа біткен кездерде (басқаша атағанда аплазия) бар немесе қыздық перде дамымай қалуы да мүмкін, оны гинекологиялық зерттеуде ғана анықтап білуге болады.

Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.

Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздық перде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.

Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін. Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда  орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.

Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс.
Кызбен жатып койганнан кейн кан шыкбаса онын расында кыздык екенин калай билуге болат
Кыз немесе кыз емес екенинди калай билуге болат генеколгка коринген дурыс деп ойлайсыз дарма жане генеколгтар калай билет
Қыздың ішкі жыныстық жəне сыртқы жыныстық мүшесінің өсіп кетуі(тіл секілді)мүмкінбе?себебі неде?
+2 дауыс

Пәктікпен әрбір қыз ертелі - кеш қоштасады. Алқашқы жыныстық қатынас кез келген бұрымды үшін өте маңызды. Өйткені дәл сол мезетте ол өзін ер адамға ұнамды екенін сезініп, ләззатқа батады.

Қанша жаста жыныстық қатынасты бастаған жөн?

Дәрігерлердің айтуынша, жас қыздардың жыныс мүшелерінің ішкі қабатының микрофлорасы дұрыс қалыптаспаған саналады. Қынаптың ішкі қабаты жұқа болады. Сол себепті оған зақым келіп, ісіп қызару процесі болуы мүмкін.  Әрі бұл жаста асқан сезімталдық да болмайды. Жас қыздың дене бітімінің толығымен қалыптасып бітуі 17-18 жаста аяқталса, ал оргазмды тек 19-20 жасында ғана сезіне алады екен.

Сондықтан ерте есеюге асықпаған жөн. Мұндай маңызды істе өзіңізді тыңдаған дұрыс. Ішкі сезім не дейді? Егер сүйікті жігітіңіз "мені шын сүйсең, менімен жату керексің"  деген шарт қойса, онда оның сізге деген сезімі шынайы емес. Шын сүйген адам күтеді, бағалайды және ешқашан асықтырмайды.  Құрбы қыздарыңызға еліктеп олардан да ақыл - кеңес сұрамаңыз. Тек өзіңізді тыңдаңыз. Егер жігітіңізбен өзіңіз жыныстық қатынасқа түсуге бел бусаңыз, онда көптен бері танитын, өзіңіз шын көңіліңізбен қалайтын адаммен болыңыз. Бұл ретте ер адамның "жыныстық тәжірибесі" болуы керек. Бірінші жыныстық қатынасқа түсу үшін әрбір ару үшін көп уақыт дайындықты қажет етеді.  Соны түсінген жігіт асықпай, үлкен ептілік танытқаны дұрыс.

Алғашқы сексте жүкті болу мүмкін емес деген пікір қате

Ғашықтар жүктіліктің алдын алу үшін және жыныстық жолмен таралатын ауруды жұқтырмас үшін мүшеқап (презерватив) қолдануы керек.  Алғашқы рет болған соң арнайы майы бар мүшеқап таңдаған жөн. Немесе дәріханадан майды (смазка) бөлек алыңыз. Өйткені жас қызда алғашында табиғи сөлі аз бөлінеді.
Қыздық перде (девственная плева) әр қызда әр түрлі болады. Алғашқы сексте бір қызда қыздық пердесі жыртылып, қан көптеп ақса, енді бірінде мүлдем қан болмауы да мүмкін. Ол перденің түріне байланысты болады.

Сақина тәріздес гимен - қыздықтың ең жиі кездесетін түрі. Пердесі жұқа, оңай созылады, ортасында тесігі бар.  Жыртылғанда ауырады, қан аз шығады.

Ұзынша гимен — әлдеқайда жуан, етті перде. Астыңғы жағы сыртқа шығып тұрады.
Бұл перде жыртылғанда сақина тәріздес гименге ұқсайды. Бірақ қан көбірек шығуы мүмкін.
Жарты ай тәріздес гимен — оның тесігі перденің үстінде орналасады, ал астыңғы жағы қалыңдау, жыртылуы оңай болмайды.  Алғашқы сексте перде 70% жыртылады. Ал 30 % қан ақпайды, ауырмайды. Ер адам оның қыздығы жоқ деп ойлайды. Осындай пішінді гименге ер адамның жыныс мүшесі оңай кіреді.
Тор тәрізді гимен —  2 немесе одан да көп тесік болуы мүмкін. Бірінші қатынаста бұл гимен мықты болып жыртыла қоймайды. Сол үшін ер адам өз мүшесімен 2 есе қаттырақ жұмыс істеуі керек.

Алғашқы сексте ауырсынбау үшін әйел бөксесінің астына жастық салу керек. Яғни жамбас жоғары болғаны дұрыс. Екі жаққа ашылған аяқтарыңызды бүгіп, кеуде тұсыңызға жақындатыңыз. Осы қалыпта қыздық пердеше қынаптың кіре берісінде орналасады. Бұл пердешенің оңай әрі тез жыртылуы үшін қолайлы шешім. Қыздық пердеше бірнеше рет жыртылуы мүмкін. Бірінші рет жыртылғаннан кейін шамамен 5 күннен кейін бірақ қайта жыныстық қатынасқа түсе аласыз. Яғни жыртылған жері жазылуы керек. Күніне екі рет астыңызды тазалап жуып, жаралы жердің тезірек жазылуы үшін глицерин майымен жағып қойыңыз. Глицеринді жаққан соң астыңыз ашымаса демек қынабыңыз жазылып орнына келді деген сөз.

Секс қауіпсіздігі

Қауіпсіз секс өте маңызды. Жыныстық қатынасқа түсу үшін  ыңғайлы жер таңдаңыз. Жігітіңізге сенімді болыңыз. Жүкітіліктен сақтанып, тазалық гигиенасын сақтаңыз.

Гинеколог кеңесі

Алғашқы секстен кейін гинекологқа міндетті түрде қаралыңыз. Өйткені ағзада үлкен өзгерістер орын алады.  Дәрігер қарап, жұқпалы инфекцияның бар - жоғын, жыныс мүшелерінің саулығын тексереді. Осы ережелерді сақтасаңыз, қыздан әйелге айналу сәтін есіңізде көпке сақтап қаласыз. Алғашқы жыныстық қатынас қыздың бүкіл сексуалды өміріне үлкен әсер етеді. Сондықтан асықпай, дұрыс шешім шығарып, шынайы сезіммен махаббат ләззатына батыңыз.

Ауырулар жигити неси байын десей казак кыздарына кандай ой салып отканынды билесин ба сен барлык кыдардан ***** жасайн деп отырсын ба нахуй уйленгенде деп жазсан котине котак киретин беди
0 дауыс
Жасанды қыздық салуды бұл әр адамның өз еркі, егер қыздық перде таза, медициналық мекемеде және маман жасаса ол айтарлықтай бір қиындық туғыбайды, яғни іріндеп немесе ісіп мазаны алмайды. Сіздің жасыңыз 10-24 жас аралығында болса Сізге Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС маңындағы «Арман қала» жастар денсаулық орталығында орналасқан психологтар маманына тегін қаралуға келуіңізге болады (мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 6/2 үй).
Салеметсизбе. астанада кыздык салатын  кандай клиника бар отинем сиздерден срочно турмыска шыгуым керек
0 дауыс

Қыздық перде  (hymen) — қазіргі уақыттағы ең көп сұрақ тудыратын жағдайлардың бірі. Көпшілік жас жігіттерді де қыздарды да толғандыратын сұраққа медицина тұрғысынан жауап беріп, қыздық перде жайлы халқымыз арасындағы мифтерді жоққа шығарып, шындықты өз орнына қоймақпыз.

Қыздық перде (латынша- hymen) — бұл қыздардағы қынап және ішкі жыныс ағзаларын оңашалап тұратын перделі құрылым. Құрылысы жағынан қыздық перде дәнекер тіннен, айналасында аздап бұлшықет, қан тамырлары және жүйке (нерв) талшықтарынан тұрады.

Бұлшықет тіні плевраға серпімділік беріп, оның созылғыштығын реттейді. Жүйке талшықтары перденің сезімталдылығын, және дефлорация (жыртылуы) кезіндегі сезімге жауап береді. Қан тамырларының болуы оның дефлорациясы немесе жыртылғандағы кеткен қан көлемін анықтайды. Дәл осы құрылымдардың арқасында қыздық перде алынуы ауырсынумен, қан ағу көлемімен сипатталады.

Қыздық перде қайда орналасқан?

Қыздық перде үлкен жыныс еріндері мен кіші жыныс еріндері арасында, қынапқа кіре берісте орналасқан. Дәлрек айтсақ қынаптан 1-3 см тереңде орналасады. Ол мембрана тәрізді қынапқа кіре берісті жауып орналасады.

Қыздық перде қыздық

Көпшілік жас жігіттер және қыздар қыздық перде деген атаудың өзінен перде толықтай жабық құрылымды зат деп біледі. Бірақ бұл қате ұғым. Біріншіден, қыздық перде ешқашан толықанды жабық болымайды. Пердеде бірнеше тесіктер болуы қажет, мұның себебі менструация кезінде кеткен қанды шығару үшін толықтай жабық перде емес тесіктері бар перде қажет.Екіншіден қыздық перде толыққанды пленка тәрізді құрылымда біркелкі орналаспайды. Ол кейде тығыз құрылымды немесе біркелкі емес болып, қынапқа кіре берістің тек кейбір бөліктерін жауып жатуы мүмкін.

Қыздық перде түрлері

Қыздық перде барлық қыздарда біркелкі деген қате ұғым. Әр қызда ол әртүрлі. Көп сөз жазғанша төмендегі суреттен қыздық перденің формасына, тереңдігіне, эластикалығына және т.б. критеийлерге қарап бөліну суреттемесін келтірдік.

Қыздық перде түрлері

Қыздық пердеге байланысты ең жиі қойылатын сұрақтар

Қыздық перде қандай тереңдікте орналасады?

Ол қынапқа кіре берісте 1-3 см тереңдікте орналасады. Барлығы да нақты қыздың жыныс ағзасының ерекшеліктеріне байланысты.

Қыздық перденің жыртылуы әрдайым ауырсыну және қан ағумен жүре ме?

Жоқ, әрдайым емес. Жоғарыда аталғандай, барлығы перденің қан тамырымен және жүйке талшықтарымен қамтамассыз етілуіне байланысты. Қаншалықты жүйке талшықтары көп болса, соншалықты перденің алуыну ыңғайсыздық тудырады. Ал қаншалықты қан тамырлары көп болса, соншалықты перде жыртылуында қан көп шығады. Аз болса, керісінше жағдай байқалмақ.

Егер қызда пердесі болмаса, онда бұл оның жыныстық қатынаста болғанын білдіре ме?

Бұл өте күрделі сұрақ. Нақты Иә не ЖОҚ деп жауап беру қиын. Біріншіден туа пайда болған қыздық перденің болмауы (аплазия) деген ұғым бар. Яғни аты айтып тұрғандай бұл кезде қызда пердесі мүлдем болмайды. Екіншіден қыз өз қыздық пердесін жыныстық қатынасқа дейін жоғалтуы мүмкін. Оның себебі әртүрлі: травма алу, шектен тыс физикалық жүктеме, әртүрлі тампондарды дұрыс пайдаланбау, мастурбация кезінде, гинеколог дұрыс тексермесе, бала кезінде интенсивті жуынудан және т.б.

Қыздық перде жыныстық қатынастан кейін аман қауы мүмкін бе?

Иә, мұндай жағдйлар бар. Бұлай болу себебі, кейбір қыздарда перде эластикалығы жоғары, және перде өзіндегі тесіктері бірнешеу немесе үлкен болуы мүмкін. Бұл ер адам жыныс ағзасының қынапқа пердені бұзбай кіруіне жағдай жасайды. Пердедегі үлкен тесіктің болуы физиологиямен байланысты (туа пайда болған) немесе мастурбация әсерінен де болуы мүмкін. Нәтижесінде перде тесік көлемі үлкейіп, жыныстық қатынас кезінде одан жыныс мүшесі оңай өтіп кетеді. Осы секілді жағайларда қыздық пердеден қыз тек босанғанда айрылады.

Жыныстық қатынасқа ұзақ түспесе, қыздық перде қалпына келе ме?

Жыныстық қатынастан кейін жыртылған қыздық қайта қалпына ЕШҚАШАН КЕЛМЕЙДІ. Тіпті айлап, жылдап ешбір жыныстық қатынас болмаса да. Адам денесі кесіртке тәрізді қайта қалпына келмейтінін еске сақтау керек.

Қыздық пердені қалпына келтіруге бола ма?

Өкінішке орай иә. Қазіргі кезде интимді хирургия көмегімен өз қыздығын қалпына келтірп алып жүргендер бар =((. Соншалықты қымбат емес ақшаның көмегімен өз қыздығын қалпына келтіріп, өзін бұзылмаған, нағыз қызбын деп санай алатын заман келді. Мұндай операция гименопластика немесе рефлорация деп аталады. Кейбір қыздар өз санасыздығынан жаратушы берген қыздық пердесінен ерте, кім көрінгенмен айрылып, кейіннен тұрмыс құрмас бұрын оны қалпына келтіру үшін осындай көмекке жүгінеді. Әрине бұл өте өкінішті жағдай =(

Уақыт өте келе қыздық перде серпімділігі төмендеп, қатаюы мүмкін бе?

Көпшілк адамдарда уақыт өте келе, қыз бала өз қыздығын ұзақ сақтаса ол қатайып, серпімді емес күйге ауысады деген пікір айтып жүреді. «25-30 келгенде кемпір болып, қыздық алынуы қиындай түседі» деген дөрекі сөздер де айтады. Бірақ медициа тұрғысынан бұл толыққанды ЕРТЕГІ тәрізді МИФ деп айта аламыз. Расында да ағзамыз жасы ұлғайған сайын өзгеріске ұшырайды. Бірақ бұл факт тек қыздық пердеге қатысты емес. Егер қыздық перде 16-18 жасында жұмсақ-серпімді болса, ол 30 жасында да сондай күйде болып тұрады. Ал 18 жасында қатты, тығыз болса, ол тіпті 30 келсін бәрібір сол күйде болады. Тек 35 асқан кезде ғана қыздық өз серпімділігін аздап жоғалтуы мүмкін.

P.s сондықтан өз қыздық пердесін алғашқы некеге дейін сақтайтын қыз балалар үшін бұл ең жақсы жаңалық. Қарап тұрсақ табиғат өз моногамияға жағдай жасап тұр.

0 дауыс

Қыздық перде өзінен өзі түспейді. Қыздық перде дегенге түсінік беріп кетейік. Қыздық перде – бұл тесігі бар шырышты қабыршықтардан құрылған қатпар, ол қынапқа кіру жолында, яғни қыздың ішкі және сыртқы жыныстық мүшесінің арасында тұрады. Әр әйелдің қыздық пердесі өзінше болып келеді, оның өлшемі, түрі, пішіні, қалындығы, қан тамырлары және жүйкемен қамтамасыз етуінің өзінде ерекшеліктер бар. Сондықтан дефлорация (үзілу) әр қызда әр түрлі болады.Тіпті, қыздық перде болмауының туа біткен кездерде (басқаша атағанда аплазия) бар немесе қыздық пердедамымай қалуы да мүмкін, оны гинекологиялық зерттеуде ғана анықтап білуге болады.Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздықперде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін.
Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс.________________________________________________--осы сұрақ көп қойылып кетті. Қыздарымыз біле жүрсін!

Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздық перде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін. Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс

+1 дауыс
Барлығы қыздың өзіне байланысты. Нормальный жүрсеңдер нормальный өмір сүресіңдергой Ұяттан жұрдай болған соң бәрі болады. Тәніңді жауып тұрған жібектің бір бөлшегі үшін жауап бересің әрине. Бірақ ол ешқашан қайтып келмейді.
Мен куйеуге шыктым. Мен оз пактигимди сактап келдим бирак куйеуим маган сенбеди. Қыздық жок сенде деп менимен ажырасып кетти. Мен оны калай сендирсем болат айтындарзы отинем.
...