0 дауыс
7.3k көрілді
20 ғасырдың 2 жартысы - 21 ғасырдың басындағы әлем туралы мәлімет керек еді. Дүниежүзі тарихыны байланысты. Өте керек болып тұр дәл кәзірге. Комектесініздерші өтінем!!!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, АҚШ, Канада, Жапония экономика мен мәдениетінің дамуы соғыс жылдарындағы ғылыми жетістіктердің негізінде жасалды. Көптеген ғылыми күштер, қаржы-қаражат атом энергиясын меңгеруге, транспорт құралдарын, мұнай –химия өнеркәсібін дамытуға жұмсалды.

Радиоэлектронника саласында батыл қадам жасалып, радиоапаратуралар мен телевизорлардың жаңа типтері ойлап табылды. Генетика мен биотехнологияда ірі жаңалықтар ашылды. Дәрілердің жаңа түрлері ойлап табылды. Тұрмысқа қажетті түрлі техникалық заттар шығарыла бастады. 70-80 жылдары ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі басталды.

1971жылы «Интел» фирмасы мини-процессор жасап шығарды. Соның арқасында компьютер ойлап шығарылды. Табиғатта кездеспейтін жаңа синтетикалық материалдар, жылдам жүретін поездар ойлап шығарылды.

ҒТР-дің дамуы білікті мамандарды қажет етті. Осы талаптың нәтижесінде жоғарғы және орта білімді адамдар көбейе түсті.

70-90 жылдарда жоғары дамыған елдерінде тұрмысты жаңаша электрондық құрал-жабдықтармен қамтамассыз ету жаппай етек ала бастады. 1987 ж. батыс еуропалық елдерде түсті телевизорлармен қамтамассыз ету деңгейі 85 %, ал АҚШ-та 94% жетті. Ғылыми техникалық даму «бұқаралық мәдениеттің» кең таралуына өз ықпалын тигізді.

60-80 жылдары қоғамдық философиялық ой да ғылыми-техникалық революцияның әсеріне ұшырады. Экологияның нашарлауы, әсіресе ядролық өзін-өзі жойып жіберу қаупіне байланысты бұл «технологиялық оптимизм» біршама басылып қалды. Қоғамдық-философиялық ойдың басты бағыттарының бірі адамды жан-жақты кешенді зерртеуге деген мақсатпен анықталды.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары әдебиет пен өнерде реалистік дәстүр күшейді. Француздың реалистік жазушылары А. Жид пен Ф. Мориак әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Италияда әдебиет пен кинематографияға соғыстан кейінгі жаңа реализм үлкен әсер етті. АҚШ кинематографиядан алға шықты. 80-ші жылдары видео-кассеталарды шығару әлемдік бизнеске айналды.

Батыс Германияда соғыстан кейінгі он жылдықта басты тақырып фашистік өткеннен арылу болды. Бұл тақырып Г. Белльдің әңгімелері мен фашизмге қарсы бағытталған «Адам сен қайда болдың?» романында суреттелген.

Соғыстан кейін бейнелеу өнерінде постмодернизм деп аталатын жаңа кезең басталды. Ол адам өркениетінің жойылып кету қаупі төңген кезде пайда болды. Постмодернизм «үлкен қорқыныштың бел баласы» деген атаққа ие болды.

Музыка саласында да күрделі процестер болды. АҚШ пен Еуропа елдерінде концерт ұйымдастыру кең құлаш жайды. АҚШ-та 70-80 жылдары Рок музыкалық фестивальдар өткізу дәстүрге айналды. Әсіресе АҚШ музыкалық комерция жасап әлем рыногын клиптермен дамытты. Қорыта келгенімізде ғылым мен техника, әдебиет пен өнер АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ХХІ ғасырдың басында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Соғыстан кейін жеңімпаз мемлекеттер бейбітшілікті реттеу мәселесін соғыс кезінде жасасқан келісімге сай жүргізу керек еді. Бірақ бұл мемлекеттердің көзқарасы өзгеріп, қарама-қарсы идеологиялық принцптер мен позицияларды ұстанды. АҚШ-тың сыртқы стратегиясы әлемдік капиталистік жүйені сақтау, дүниедегі жанжалдарды күш қолдану арқылы шешу.

«Қырғи-қабақ соғыстың» басты белгілері: бәсекелестік, әскери-соғыс одақтарының құрылуы, жанталаса қарулану. Соғыстан кейін екі ел арасында дұшпандық қатынас басым болды.

БҰҰ-ның шешімі бойынша 1947 жылы қарашада Палестинаның орнына екі-еврей және араб мемлекеттері құрылып, Иерусалимге барлығына ашық еркін қала мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 жылы еврей мемлекеті құрылды да араб мемлекеті құрылмай қалды. Арабтар еврей мемлектін танудан бас тартты. 1948-1949 жылдары бірінші араб-израиль соғысында КСРО арабтарға, еврейлерге АҚШ мемлекеті болысты. Арабтар жеңілді. Бұл соғыс әлі күнге дейін өзінің шешімін таппай келеді.

1952ж. Египетте революция болып, шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды. Египетке қарсы ағылшын- француз-израиль басқыншылығы басталды. КСРО АҚШ және БҰҰ басқыншылықты айыптады. Егер Египетке басқыншылық тоқтатылмаса КСРО көмек беретінің жариялады. Англия мен Францияның бұл аймақта ықпалы төмендеп КСРО беделі өсті.

КОКП ХХ сьезінен кейін КСРО сыртқы саясатта біраз бастамалар жасады. Армияны екі млн. қысқартты. 1960 жылы мамырдың ортасына жобаланған Н. С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды.

1960 ж. сайлауда Дж. Кеннеди жеңіске жетті. 1961 ж. сәуірде Куба контрреволюционерлері десантының АҚШ флоты мен авиациясының көмегімен аралға түсірілуімен Кариб дағдарысы басталды. АҚШ Кастро режимін құлатудан бас тартбады. КСРО өзінің ракеталарын орналастырды. АҚШ пен КСРО арасындағы қақтығыс шындыққа айнала бастады. Тек екі елдің басшылары сөйлескеннен кейін соғыс сейілі азайғандай болды. АҚШ Кубаның тәуелсіздігіне қол сұғудан бас тартып, өзінің әскерлерін Түркиядан, ал КСРО Кубадан алып кетті.

1963ж. ядролық қаруды шектеу туралы алғашқы келісімге Мәскеу шартына қол қойылды. Атом бомбасына атмосферада, су астында, космос кеңістігінде сынақ жүргізуге тыйым салынды. 1970 ж. Еуропада ядролық қаруды таратпау туралы келісімге 100-ден аса мемлекет қол қойып, күшіне енді. Ұлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылыққа Азия, Африка, Латын Америка елдері араласпады.

1970 ж. Еуропа елдерінің көпшілігінде келіссөздер жүргізу идеясы қолдау таба бастады. Бірақ олар кеңес басшылығының бағытын өзгерте алмады. 1968 ешқандай негізсіз бес елдің әскерін КСРО Чехословакияға кіргізді. 1975 ж. 1тамызда Хельсинкиде мемлект басшылары деңгейінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңес ашылып қорытынды актісіне қол қойылды.

80 ж. АҚШ пен КСРО арасында қайшылық бұрынғыдан да күшейді. АҚШ-тың билеуші топтары Ангола мен Мозамбиктегі революцияны, Ирандағы шахқа қарсы революцияны КСРО- ның қастандығы деп түсінді. Ал КСРО-ның Ауғанстанға әскерін енгізуі т.б істері әлем жұртшылығының наразылығын туғызды. Жанталаса қарулану қайта басталды. Нәтижесінде 1986 ж. КСРО-да 10 мыңядролық заряд болса, АҚШ-та 14,8 мың заряд болды. 1987 ж. Вашингтонда М. С.Горбачев пен Р. Рейганның кездесуінде қысқа қашықтықта ұшырылатын ракеталарды жою хаттамаларына қол қойылды. 1991 ж. Мәскеуде кездесу болып, екі елде қарудың үштен бірін жою туралы келісімге қол қойды. 1991ж. КСРО ыдырап оның құрамындағы мемлекеттер тәуелсіз мемлекеттерге айналды.

1999ж. ЕО кіретін мемлекеттер біріңғай ақша бірлігі евроға көшті. ЕО жаңаша технология мен ғылыми жаңалықтар ашуда Жапония мен АҚШ-тан артта қалып қойды.

Толығырақ: http://engime.org/ofamdi-pender-kafedrasi-dnie-jzi-tarihi-peni-bojinsha-edisteme.html?page=5

...