0 дауыс
4.3k көрілді
Жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Мен ауданда тіркелгенмін,Жаңасын қаланың кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан қайта ала аламын ба? Әлде тіркелген ауданыма барып сол жерден алуым шартпа? Қаладан жедел түрде алуға мумкіндігім бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Жеке куәлік жоғалса/ұрланса, кімге хабарласамын?

Тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Осы жерде жеке куәлікті жаңадан дайындата аласыз. Ол үшін қажетті құжаттарды өткізуіңіз керек.

Жоғалған куәлікті қалпына келтіруім үшін қандай құжаттар керек?

  1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлікті қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш жазасыз. Өтініште құжатты қандай себеппен жоғалтқаныңыз туралы көрсетесіз.
  2. Мемлекеттік баж салығын төлегеніңізді растайтын анықтаманы өткізесіз. Салық мөлшері - 0,2 АЕК (481 теңге).
  3. ҚP азаматының төлқұжатын (бар болса) көрсетесіз.

Егер төлқұжатыңыз жоқ болса, ЖСН (жеке сәйкестестіру номерін) өткізесіз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...