0 дауыс
693 көрілді
Самұрық құс көлбей қағып қанатты,

Қонды келіп, бәйтерекке дарақты.

Шаңқылынан бүкіл дүние оянып,

Елімізде «Тәуелсіздік» таңы атты.

 

Әнге салып, ерекше ақты Есіл де,

Күллі ғалам құлақ түрді осы үнге.

Хан Абылай армандаған «Ақ орда»,

Бой көтерді Сарыарқаның төсінде.

 

Көк байрақпен жаның бірге жалындап,

Ән ұранда қан тулатар бар ырғақ.

Ұлтпен бірге қалып еді қуарып,

«Бәйтерегім» бой көтерді тамырлап.

 

Еңсе тіктеп, елге айналып Егемен,

Нығыметін төгіп Алла төбеден.

Шаңырағым биіктеді, керілді, -

Кенесары арман еткен керегем.

 

Тұрушы еді бір мұң басып еңседен,

Еріді енді жүректегі шер-шемен,

Елге айналдық азаттықтың айшығын,

Бас қаланың көркіменен өлшеген.

 

Шешілді енді құлдық қамыт, тас етік,

Азат елге арман алдан аш есік.

Бейбітшілік ұранымыз екенін,

Тұрған жоқ па «Пирамида» паш етіп.

 

Қиялымыз шындықпенен астасты,

Әлем жылы қабылдады «жас досты».

«Хан шатырда» қаны тулап қазақтың,

«Үш жүз» емес, бүкіл әлем бас қосты.

 

Қанша түнек тұрғанымен тұмшалап,

Жайды бүгін бүршігінен гүл сабақ.

Өсуде елім, өркендеуде, өрлеуде,

Аңыздағы «Алпамыстай» күн салып.

 

Елтаңбам бар, елдігіме мың алғыс,

Көк байрақпен ұлтқа берсін ұран күш.

Көк аспанда тыныштығын елімнің,

Күзетіп жүр күн астында қыран құс.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...