0 дауыс
21.8k көрілді
Асан қайғы шығармаларының мәні  туралы шығарма керек, комектесіндерші

2 жауап

0 дауыс
«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген. Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны « қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен.

Еліміздің болашағы үшін өлшеусіз қызмет еткен ұлы бабаларымыздың бірі – Асан Сәбитұлы. Ауыз әдебиетіндегі бізге жеткен жыр-шумақтардан бабамыздың нақты біздің аймақтарда да өмір сүргенін байқаймыз. Есімі аңызға айналған айтулы тұлға Асан қайғы Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.

Бір қызығы, «Алшын Асан сопы», «Асан би» атанған тарихи тұлға Алтын орда хандарының бірі Ұлығ Мұхамедке сөзін өткізетін билердің бірі болғандығы тарихи деректерде анық айтылады. 1420 жылы Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуы-лып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тарт-қанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған екен.

Асан қайғы төңірегіндегі аңыздар ішіндегі ең тан-даулысы – Асан қайғының Жерұйықты іздеуі жайлы аңыз. Асан қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттан-байды, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты – «Жерұйық». Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге тиісті баға беріп отырады. Ақыры Жерұйықты таба алмай, өксіп дүние кешеді...

Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Шоқан Уәлихановтың жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көл жағасында дүние салған.

Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінге «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмая-ның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. «Ел айырылған» күйін оралдық Ғұбайдолла Мұхитовтың тар-туында алғаш рет А.Затаевич нотаға түсірген екен. Сондай ақ толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді.

Қазақ білетін Асан қайғы елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен абыз қалпында суреттеледі. Оның есіміне «қайғы» анықтауышының жалғануы – жеке басының мұң-мұқтажы емес, ел мүддесінен туған.

Аңызда Асан қайғының баласы Абат туралы да жиі айтылады. Әке тапсырмасымен Жерұйық іздеп шыққан Абат сондай жерді Ойыл бойынан тауып, әкесіне қуанышты хабарды жеткізуге асығады. Бірақ жол үстінде желмаядан құлап қаза болады. Қобда жеріндегі атақты Абат-Байтақ кесенесі сонда тұрғызылады.

Енді бір деректе Асан қайғының әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткені, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан қайғы мазары екендігі айтылып жүр.

Әрине, ел аузындағы айтулы тұлғаны әркім өз жеріне қарай тартатыны түсінікті жәйт. Дегенмен, Асан қайғыға байланысты әңгімелердің дені қазіргі қазақ жерінің батыс өлкесімен байланыстыра суреттеледі. Мысалы, белгілі Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауында:

Еділ-Жайық екі су,

Бұл қазақтың жері еді...

Хантөрткүлі деген тау  –

Тәмам батыр жиылып,

Кеңес құрған төбе еді.

...Бұл қоныста отырсақ,

Жылдан жылға жақындап,

(Орыс) Бізге таман келеді.

Бұл қорлыққа көнбен деп,

Қолымнан бала бермен деп,

Асан қайғы бабамыз

Тесіктен өтіп жөнелді... – дейді. Бұған қарағанда Асан қайғының атажұрты қазіргі Бөкейлік – Еділ мен Жайық өзендерінің арасы екендігін көреміз.

Әдебиеттанушы Ханғали Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиеті-нің тарихы» атты еңбегінде Асан қайғы туралы көптеген аңыз Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорында сақталғанын жазады. Қазіргі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай өңірлерінде Асан қайғының есімімен байланысты жер атауы өте көп.

Орал қаласы жергілікті қазақтар арасында күні кешеге дейін «Теке» аталып келгені белгілі. Бір қызығы, осы исламдық діни орталық, тәкие деген атаудың шығуына Алтын Орда хандары жанында аса беделді Алшын Хасан сопының тікелей қатысы бар екен. «Алшын Хасан сопы мен біздің Асан қайғы – бір адам» деген болжам тарихшылар аузында жиі айтылады. Соңғы жылдары Орал қаласының түбінен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ортағасырлық Жайық шаһарының орны, соның ішінде аса үлкен кесене қалдығы бұл жерде ел әулие тұтқан атышулы тұлға жерленгендігін айғақтайды...
0 дауыс
Асан кайгы атамызга хат керек комектесиндер
...