2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал көптеген тосынсыймен қуантады. Қызыл Қораз жылы – жамандық пен қауіп-қатерден ада. Келе жатқан жылы «күтпеген», «тосынсый» сөздері өміріңізде жиі қолданылатын болады. Ол, әсіресе, махаббат мәселесіне қатысты. Ертегі әлемінде жүргендей күй кешіп, сезімталдыққа бол алдырасыз. Десе де абай болғаныңыз абзал. Сезімге толы сырлы әлемде өзіңізді жоғалтып алмасаңыз болғаны.
Тоқты. Келе жатқан 2017 жыл Тоқтылардың бойында күш-қуат таситынын жұлдыздар уәде етеді. Алайда оны қайда жұмсарыңыздың білмей, бар істі күш сала атқаруға тырысасыз. Соның салдарынан бойыңызда барды мақсат-жоспарларыңызға жету мақсатында емес, одан мүлдем басқа арнаға шығын еткендей күй кешіп, уайымға салынасыз. Шындығыныда, бұл сезімнің алдамшы екенін білгейсіз. Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайды. Бар ынтаңызбен істеген кез-келген іс ертелі-кеш жемісін берері анық. Сондықтан бұл жайт алаңдауға себеп емес.
Торпақ. 2017 жыл Торпақтардың күш-қайратын, төзімділігін сынға алады. бұл сынақтың негізгі құраушылары – қызығу мен ләззат. Сақтық танытыңыз! Келе жатқан жыл Торпақтардың ләззат алуға деген ынтықытығының артатыны сонша, шәрбатқа батып, шыға алмаған шыбындай күйге түседі. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Тіпті, қарапайым ғана жалқаулықтың өзі Торпақтарды тереңге тартып әкетуі мүмкін.
Егіздер.2017 жыл Егіздерге маңызы зор, үлкен істер атқаруға мүмкіндік береді. Ол Егіздердің өміріне әсерін тигізбей қоймайды. Келе жатқан жылы оларға белгілі бір істі қолға алып, бос шаруаларға мән бермей, соған ғана көңіл бөлу, алға қойған мақсаттарының ішінен ең маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады.
Шаян.2017 жылы Шаяндар өмірінде көптеген қызықты жайттар, тосынсыйлар орын алады. Олар келер жылы өзін толықтай үй шаруасына, жөндеу жұмыстарын жүргізуге арнағысы келгенімен, бұл ойына кедергі келтіретін тамаша мүмкіндіктер мен күтпеген жағдайлар орын алады. Сондықтан төрт қабырғаға қамалып отыру мүмкін болмайды. Бұл жылы Шаяндар көптеген жаңа таныстық, кездесу күтеді. Олардың кейбірі Шаяндар үшін тағдыршешті сипатта блолып, өмірін өзгертуі мүмкін. Жаңа таыстарының арқасында қызметі мен мансабында ғана емес, жеке өмірінде де біраз дүние өзгереді. Десе де мұндай сақтық тантытқан жөн, себебі жаңа таныстықтардың барлығы пайдалы бола бермейтінін ұмытпағайсыз.
Арыстан. Келе жатқан 2017 жылы Арыстанға жағымпазданатын, қошемет сөздерін үйіп-төгетін жандар аз болмайды. Бірақ оларға алданудың, босаңсудың қажеті жоқ. Әр мақтау сөздің астарында қулық жатқанын біліңіз. Жалпы, бұл жыл Арыстандар үшін табысты, сәтті жыл болмақ. Оның еңбекқорлығы жетістікке жеткізеді. Ал бар ынтасымен қолға алған істерінің барлығы жемісін береді. Өз бағасын білетін, қашанда тек өзіне сенетін өршіл Арыстан қызметінде, мансабында биікке жетелейтін пайдалы мүмкіндіктерді жібермейді. Ал жеке өмірінде үйлесім мен гүлдену кезеңі орын алады.
Бикеш. 2017 жылы Бикештердің өмірінде көп өзгерістер орын алады. оларға бір дүниеге ғана назар аудару, тек бір жоспардың соңынан жүру қиындық туғызады. Бір жағынан, бұл өзгерістер әдеткі өмірін ағымын бұзғандықтан, Бикештердің ызаландырады. Басқа қырынан алсақ, дәл осы өзгерістер өмірін қызықты, жарқын етеді.
Таразы. Келе жатқан 2017 жыл Таразылар үшін махаббат және шығармашылық арнасында өте сәтті болатынын жұлдыздар уәде етеді. Ал ұйымдастырушылыққа қатысты жоспарлар айтарлықтай табысты бола қоймайды. Өкінішке орай, нақтылық, ұқыптылық және тәртіпті талап ететін кез-келген мәселе аздаған қиындықтар тудырады. Ал ішкі әлеміне, сезімдеріне басы бүтін берілген Таразылар келер жылы жұмысына салғырт қарап, салдарынан ол опық жегізуі мүмкін.
Сарышаян. 2017 жыл Сарышаяндар үшін сәтті болмақ. Өзіне, өз күшіне сене білетін Сарышаяндар жолында кездескен мүмкіндіктердің барлығын құр жібермейді. Нәтижесінде өмірінде бірқатар оң өзгерістер орын алады. Өзгелері «жеті рет ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт ой соңында жүргенде, салқынқанды Сарышаяндар мақсатына жетудің оңай жолын тауып, күмәнсіз, табысқа қол жеткізеді. Келер жылы бұл жұлдыз белгісі өкілдері діттеген мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі саралай шешіп, дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу қабілеті бұл жылы Сарышаяндар үшін аса пайдалы болмақ. Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез-келген жымысқы әрекеті Сарышаяндарға зиянын тигізе алмай, қазған орларына өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың ойы – нақты, жауабы – жылдам.
Мерген. 2017 жылы Мергендер бойында бұғып жатқан жаңа дарын мен қырларын байқайды. Оның шығармашылық қабілеті және парасаттылығы көп мүмкіндіктерге есік ашып, талай биікті бағындыруға көмектеседі. Әрине, бұл деген әрбір Мерген 2017 жылы ғаламат дүниелерді жүзеге асыруы тиіс дегенді аңғартпайды. Бірақ олардың қатысуымен жасалған істің қай-қайсы болмасын бұрынғыдан айтарлықтай жақсырақ шықпақ. Ең бастысы, айналысқан істердің барлығы Мергендердің көңілін қанағаттандырып, қызығушылығын арттырады.
Тауешкі. Жұлдыздар Тауешкілерге 2017 жылы барынша сақ жүруді ескертеді. Бұл жылы үлкен қателік жіберіп, арман-мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыздың күл-талқаны шығуы мүмкін. Оның себебі жүрегіңізде тұтанған бір сәттік сезім болуы ықтимал. Өкінішке орай, әдетте ұстамдылығымен, сабырлылығымен көзге түсетін Тауешкілер кенеттен пайда болған сезімге бой алдырып, көптеген қателікке ұрынады. Ең алдымен, қауіп-қатер жеке өміріңізде, махаббат арнасында туындайды. Алып ұшқан сезім Тауешкіні елітіп әкетіп, ұстамдылық пен салқынқандылықтан айырылған олар өз құмарлығының құрбанына айналады.
Суқұйғыш. Қораз жылы Суқұйғыштар өмірі қызықты сипат алады. Жұлдыздар жаңа мүмкіндіктер сыйлап, өмірін өзгертуге жағдай тудырады. Мұндай мүмкіндіктер Суқұйғыштардың қатысуынсыз-ақ өздігінен пайда болады. Оларды пайдалану не жіберіп алу Суқұйғыштардың өз ырқында. Өмірді жарқын ету үшін берілген мүмкіндіктердің құр өзі аздық етеді. Ол үшін мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу қажет. Ал ол Суқұйғыштар үшін оңай болмауы мүмкін. Мақсаттарының соңында жүріп, ережелерге, ағсқа қарсы жүзіп, қателіктерге ұрынуы мүмкін. Нәтижесінде табысқа жеткізетін мүмкіндіктердің ізі де қалмайды. Сонымен қатар көптен күткен үлкен табыс үлкен қателікке айналуы ғажап емес.
Балықтар. Балықтар үшін келе жатқан 2017 жыл – тосынсыйларға күтпеген жайлар толы. Балықтар қандай жоспар құрып, табандылық танытса да, жұлдыздар өзгерістерн енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жылға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес. Керісінше, жоспарлау керек. Тек жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз. Оллардың еш зияны жоқ. Керісінше, өз пайдаңыз үшін қолдана аласыз. Мұнда, бастысы, өзгерістермен күресуге күшіңізді жұмсамаңыз. Орын алған өзгерістерді мүмкіндігінше дұрыс бағалап, соларға сәйкес жоспарыңызға түзетулер енгізіңіз.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/interested/2017-jyilga-arnalgan-juldyiz-joramal-90851/