0 дауыс
Мен ОҚО Қазығұрт ауданының тұрғынымын. ОҚО Қазығұрт ауданы әкімдігі маған "Қамқоршы және қорғаншы белгілеу туралы" қаулының тек көшірмесін ғана берді. Көшірмеде аудан әкімінің мөрі басылған және көшірмесі дұрыс деп қол қойылған. Көшірмені нотариусқа алып барсам ол растамаймын деп отыр, себебі бұл "көшірме түпнұсқа емес деді". Мен қайтадан аудан әкімдігіне барып маған түпнұсқасын беруін сұрасам, олар: "түпнұсқа тек бір данада ғана шығады" деп түсіндіріп, түпнұсқаны бермеді. Енді сіздерден сұранатыным, түпнұсқа қанша данада шығады? және маған бір дана түпнұсқа берілу керек пе еді? Себебі барған құзыретті мекемелер тек түпнұсқасын сұрап отыр. Рахмет!
04.12.2016 511 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы