0 дауыс
714 көрілді
Декретке шықтым және өтінішпен құжаттарымды да тапсырдым бірақ 1 ай болды түспеді? неге?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының электронды үкіметінің ресми сайтында келтірілген ақпаратқа сәйкес, Еңбек кодексінің 99 бабына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты төмендегі демалыстар беріледі.

  • жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс.
  • бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
  • Еңбек кодексінің 99 бабына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70) күнді құрайды. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан толық беріледі.

Бала күтімі бойынша  кезекті демалыс кезінде үйде отырған әйел азаматтарына жұмыстан айырылып қаламын деп уайымдаудың қажеті жоқ. Себебі ҚР Еңбек Кодексінің 59-бабына сәйкес кез келген жұмыс беруші қол астындағы әйел азаматын жүктілік және босану және бала күтіміне сәйкес демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Сонымен қатар декреттік демалыс кезінде әйелдің еңбек өтілі есептеледі.

Декреттік демалысқа шығу үшін қажетті құжаттар төмендегісінше. Алдымен жүктілікке және босануға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау үшін өтінішті тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшесіне өткізу қажет. Өтінішпен бірге мына құжаттар мен көшірмелері қолыңызда болсын.

  • Жеке куәлік;
  • Тұрғылықты жері жайлы мәлімет;
  • Екінші деңгейлі банктің бірінен немесе «Қазпошта» АҚ-нан жеке бет есебі жайлы мәлімет;
  • Жұмыс орнынан әлеуметтік жағдай туындаған уақыттан бұрынғы 12 айдың орташа айлық табысы жайлы анықтамасы;
  • Уақытша жұмысқа жарамсыздығы жайлы парақшасы (больничный лист);

Тағы оқыңыздар: Дұрыс тамақтану ережелері

 Жұмыспен өзін-өзі қамтамасыз еткендер үшін қосымша мынадай құжаттар қажет етіледі:

  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі жайлы мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  • Салық органдарының салық және басқа да міндетті төлемдері жайлы салыстыру актісі.

Декреттік демалысқа қамданып жатқан әйел азаматтарына бала тууына байланысты берілетін жәрдемақылар туралы мәліметке де тоқтала кетуді жөн санадық.

  • Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы жұмыс істейтін немесе  жұмыс істемейтін әйелдер үшін  беріледі;
  • Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін);
  • Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін);
  • Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін);

Жүктілікке және босануына байланысты әлеуметтік төлем бір–ақ рет, ал баланың бір жасқа толуына дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КАҚ  құрылымдық бөлімшелері  әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау күнінен бастап 4 жұмыс күн ішінде, оларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына  береді.

Қор құжаттар түскен күннен бастап  4 жұмыс күн ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. (Осы шешім қабылданғаны жайлы нақтыласаңыз дұрыс деп ойлаймын)

Әлеуметтік төлемдер алушыларға  әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды әйел азаматы уақытша  жұмысқа қабілетсіздігі парағы берілген күннен бастап 12 айдан асырмай беруі қажет.

...